ЖАНАРМАЙ ЭКСПОРТЫНА ЕСIК ЖАБЫҚ
ЖАНАРМАЙ ЭКСПОРТЫНА ЕСIК ЖАБЫҚ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылдың 28-мамырындағы "ҚР үкiметiнiң № 487 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" қаулысына сiлтемеге сәйкес Қазақстан жанармай экспортына салынған тыйымды 1-қарашаға дейiн созып отыр.
Өткен жылы елiмiзде жаппай басталған егiн орағы кезiнде Ауыл шаруашылығы министрi Ақылбек Күрiшбаев жанар-жағармайдың сыртқа шығару уақытша тоқтатылатынын айтқан болатын.
– Бұл шара жанармайды, соның iшiнде бензиндi экспортқа шығару мәселесiн тоқтататын болады. Премьер-министр кешке дейiн Қаулы қабылдайтын болды. Соның арқасында бензин бағасы орнына келуi тиiс, – дедi А.Күрiшбаев. Осылайша үкiмет егiс науқанында күрт көтерiлетiн жанар-жағармай бағасын ұстап тұруды көздеген. "ҚР Үкiметiнiң 2010 жылдың 28-мамырындағы "Бензин, керосин және газойлей сыртқа шығаруға уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" № 487 қаулысындағы 1 тармақтағы "2010 жылдың 1-шiлдесi" деген сөз "2010 жылдың 1-қарашасы" деген өзгерiс енгiзiлсiн",– деп айтылған қаулы мәтiнiнде.
ҚР Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетiне аталмыш қаулының 1-тармағының орындалуына қатысты тиiстi шараларды қабылдау тапсырылды. Бұл қаулы қол қойылғаннан кейiн қолданысқа енедi және ресми жария етiледi.
"Түркiстан-ақпарат"