ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰРПАҚТЫҢ IЗГI ҚАСИЕТТЕРI

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰРПАҚТЫҢ IЗГI ҚАСИЕТТЕРI

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰРПАҚТЫҢ IЗГI ҚАСИЕТТЕРI
ашық дереккөзі
325

Елбасы "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетел оқу орындарында бiлiм алып, елiмiзде жұмыс iстеп жүрген және әлi де болса оқып жатқан жастардың басын қосқан мәжiлiсте: "Бiздiң түпкiлiктi мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру", — деп атап айтты. Елбасымыздың елдi сатылап дамытқан бүкiл қызметiнiң өне бойындағы негiзгi ұстаным осы — интеллектуалды ұлт қалыптастыру саясаты.

Таяуда Елбасы елiмiздiң бiр топ жастарын қабылдады. Барлығы 22 адам қабылдауда болдық. Әр мамандықтың иелерi. Мiне, осы жиында әрқайсымызға сөз берiлдi және кездесудегi өз ойын, мақсатын қорытындылаған Елбасы: "Мен бүгiнгi жастарға қызығамын. Сендер бақытты ұрпақсыңдар. Айталық, мен 40 жастан асқан шақта ғана, оның өзiнде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң салалық хатшысы қызметiнде жүрген кезiмде тұңғыш рет шетелге шықтым. Ал қазiргi жастардың қай-қайсысы да қайда барамын десе ерiк өздерiнде. Бұған қоса бiз "Болашақ" бағдарламасы бойынша талантты жастарымыз шетелдердiң ең таңдаулы оқу орындарында бiлiм алуға мемлекеттiк грант бөлiп, қамқорлық жасаудамыз. Жастар осы қамқорлық пен сенiмге лайық болуы тиiс. Бiз елiмiзге тәуелсiздiк алып бердiк. Бiз қолдан келгенiнше сол тәуелсiз елiмiздi жан-жақты дамытуға күш жұмсап жатырмыз. Бiрақ көкейдегiнiң барлығын жүзеге асыру бiр ұрпақтың қолынан келмейтiн iс. Сондықтан бiздiң бастағанымызды сiздер жалғастыратын боласыздар. Елiмiздiң одан әрi гүлденуiн қамтамасыз ету сiздерге сенiп тапсырылады. Соған дайындалыңыздар. Сол сенiмге лайық болыңыздар", — дедi. Президенттiң осынау сөзi салқынқанды ресми догма түрiнде емес, бүгiнгi кең ойлы және ертеңге алаңдаушы қамқор әкенiң жанашырлық ақылындай ерекше сезiммен айтылды. Жиналыстың әсерi ерекше болды. Өйткенi Президентiмiздiң сөзiн естiген бiздер адам сенгiсiз аңыздың өзiн ақиқатқа айналдыруға болатынын түсiндiк. Мәселен, Нұрсұлтан Әбiшұлы мынадай естелiгiн айтып бердi: "Жоғарғы билiктiң Алматыдан Ақмолаға көшкен кезi едi. Астана құрылысына инвестор болуға келiскен Сауд Арабиясы королдiгiнiң тақ мұрагерi-ханзадасы қақаған қыста қонаққа келiп, мына мидай далада жаңа Астана саламыз деген менiң сөзiмдi қиял-ғажайып ертегiдей қабылдады. Десек те, мiнеки өздерiң көрiп отырсыңдар, сол қиял-ғажайып ертегiдей қабылданған жоспарды жүзеге асырып, Астананы ақиқатқа айналдырдық. Мұндай iсiмiздi басынан-аяғына дейiн өз көзiмен көрген, сол кездегi тақ мұрагерi — қазiргi король бiзге сенетiн болды және тұрақты инвесторымызға айналды". Елбасымен кездесуден кейiн Қазақстан Республикасын құру, оның алып экономикасын ырғақты және тұрақты даму арнасына салу, бүгiнгiдей күн сайын құлпыра түскен Астананы өмiрге әкелу қаншалықты қиын болғанын толық түсiндiк. Сонымен бiрге, осының бәрi кiм үшiн және не үшiн жасалғанын да жан жүрегiмiзбен ұқтық. Байқап отырсақ, Елбасымыздың ең басты мақсаты — ұлтымызды сапалық жағынан жоғары деңгейге көтеру болған екен. Сол үшiн "Болашақ" бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылып жатқан көрiнедi. Сол үшiн Астанадай әсем қала Арқа төсiнде бой көтерiптi. Сол үшiн Елбасының өзi және оның соңынан ерген идеялас үзеңгiлестерi, тұтастай "Нұр Отан" ХДП мүшелерi 19 жыл бойы тер төгiптi. Бұл еңбек, бұл талпыныс алда да iркiлiссiз жалғаса бермекшi екен. "Еуропаға жол", "Әлемдегi дамыған 50 елдiң қатарында болу" секiлдi ұзақ мерзiмдi өмiршең саясаттың түпкi мақсаты сол сапалық жоғары деңгей екенiн осы жолы жан жүрегiмiзбен ұққандай болдық. Ұлтымыздың заңғар тұлғалары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және бұлардан кейiнгi Алаштың алыптары көксеген арман — қазақтың ғылым-бiлiмдi меңгерiп, соның игiлiгiн көруi едi ғой. Ендеше, Президентiмiздiң жүзеге асырып жатқан iс-шаралары толығымен осы iзгi-арманға бастайтын бiрден-бiр жол десе де болады. Айталық, Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы тұтастай алғанда интеллектуалдылығы жоғары мамандарға кең жол ашатын игiлiктi iс болмақшы. Демек, бiздiң қазақ жастары қазiрдiң өзiнде сол жоғары интеллектуалдық деңгейге жетуге дайын деуге болады. Iзгi ниет! Осы бiр сөздi қай тiлде айтылса да, әркiм-ақ ыстық ықыласпен қабылдайды. Ал Қазақстанның және оның көшбасшысының бүкiл қызметi мен өмiрiнде iзгiлiк ниетi көрiнiс тапқан. Сондықтан да бiздiң елдi дүниежүзiнiң дәстүрлi дiндерiнiң жетекшiлерi мен ұстанушылары iзгiлiк нұры жауған ел деп бағалайды. Сондықтан да бiздiң елдi АҚШ, Еуроодақ "Стратегиялық әрiптесiмiз" деп атайды. Iргемiздегi Қытай, Ресей секiлдi екi алып көршiмен де қарым-қатынасымыз күннен-күнге сапалық жоғары деңгейге көтерiлуде. Мұндай жарқын да бақытты болмысты баянды ету — Елбасымыздың сөзiне қарағанда, бiздiң буын өкiлдерiнiң бiлiм-бiлiгiне байланысты болмақшы екен. Президент Н.Ә.Назарбаев өзi ұдайы биiкке ұмтылушы болып келе жатса, соңынан ерген жастардың бойында да осындай қасиеттiң болуын қалайтынын байқадық. Демек, бiзге жүктелген сенiмнiң салмағы ауыр. Өзiмiзге егемендiк пен қарқынды даму әлеуетiн сыйға тартқан, достарды көбейтiп, дұшпандарды азайтқан бүгiнгi аға ұрпақтың жоғары сенiмiне лайық болуға тиiспiз. "Нұр Отан" ХДП жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының әр мүшесi осы мiндет биiгiнен көрiнуге елiмiздiң барлық жастарына ұйытқы болуда. Бұл ретте, әрине, олардың жүрегiнде отаншылдық сезiмiн қалыптастыру қажет. Ол рухани саладағы жұмыстың жанды болуын және тартымды болуын қажет етедi. Бүгiнгi жастарды орта қол қызметпен қанағаттандыра алмайсыз. Олардың талабы күштi. Демек, бiз "Жас Отан" жастар қанатының белсендiлерi сол талап биiгiнен көрiнуiмiз керек. Әрқашан, әр күнгi жұмысымызда осындай ойдың көрiнiс табуына күш саламыз. Елбасымыз секiлдi басты түпкiлiктi мақсатқа күнi бұрын дайындалу — дәстүрiмiзге айналды. Айталық, келесi жылы егемендiгiмiзге 20 жыл толады. Бұл мерейтойға дайындықты бүгiннен бастаған "Заңғар" шығармашылық бiрлестiгi сол тойға орай "Азаматтық рухы — Астана" деген тақырыптық бағдарлама бойынша жұмыс iстеп жатырмыз. Мұндағы таңқаларлық бiр тартуымыз — 20 мың домбырашының бiр мезгiлде үш-төрт күй тартуын ұйымдастыру. Бәлкiм, Гиннес рекордтар кiтабына да енiп қалармыз. Бiзден көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев бастаған аға буын өкiлдерi бұдан да үлкен iстердi талап етедi. Өйткенi егемендiк алып, КСРО қирандысынан гүлденген Қазақстан республикасын құрған олардың осылай биiк талап қоюға толық құқы бар. Ал бiз сол талап биiгiнде болуға тиiспiз.
Айдар ҚЫРЫҚБАЙ, "Жас Отан" жастар қанаты атқарушы хатшысының кеңесшiсi, "Заңғар" шығармашылық бiрлестiгiнiң төрағасы

Серіктес жаңалықтары