"БАСШЫСЫНА ТАҚ ТҰРАТЫН ЕЛ – БАСЫНА БАҚ ТҰРАТЫН ЕЛ"

"БАСШЫСЫНА ТАҚ ТҰРАТЫН ЕЛ – БАСЫНА БАҚ ТҰРАТЫН ЕЛ"

"БАСШЫСЫНА ТАҚ ТҰРАТЫН ЕЛ – БАСЫНА БАҚ ТҰРАТЫН ЕЛ"
ашық дереккөзі
290

Бұл жинақ мерейтойға тарту әзiрлеу мақсатымен дайындалмаған. Бұл жинақ басымыздағы бағымызды бағалауға шақыру үшiн, қолдағы қазынамыздың қадiрiне жетуге үндеу үшiн дайындалған. Президент туралы сөз Елбасының өзiнен бұрын елдiң өзiне көбiрек керек. Келешегiмiз үшiн керек. Қадым заманнан қағанын қадiрлеп, ханын қасиет тұтқан елдiң болашақта да билiктiң бағасын бiлетiн, халықтың өзi сайлап, екi тiзгiн, бiр шылбырды қолға берген адамын қалтқысыз құрметтеу, ел басшысына тақ тұру дәстүрi орныға түсуi үшiн керек.

"Басшысына тақ тұратын ел — басына бақ тұратын ел". "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" акционерлiк қоғамының президентi Сауытбек Абдрахмановтың "Елбасы" жинағына жазған алғысөзiндегi осы жолдар кiтаптың тұжырымдамалық ойын жақсы жеткiзе алады.

Бұл ұжымдық жинаққа Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы елiмiздiң бас газетi — "Егемен Қазақстанда" 1991-2010 жылдар аралығында жарияланған мақалалар, сараптамалар, өлең-жырлар, Елбасымен сұхбаттар топтастырылған.

Көлемi 880 беттiк кiтаптың өн-бойында жиырма жылға да жетпейтiн уақыт iшiнде қирандыдан, құландыдан мемлекет құру, қоғамды бiр формациядан екiншi формацияға ауыстыру, өтпелi кезеңдегi қиыншылықтардан есеңгiрей жаздаған халықты тар жол, тайғақ кешуден аман-есен алып өту, елдiң еңсесiн көтеру, аяғынан тiк тұрғызу, алыс та, жақын да, Батыс та, Шығыс та мойындайтын, санасатын, құрметтейтiн елге айналдыру, сантүрлi себептерге байланысты бiрнеше ғасыр бойында дүниежүзiлiк өркениеттен шеттетiлiп қалған елдi жер-жаһанға таныту, тiптi ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет азиялық мемлекет, тұңғыш рет ТМД мемлекетi, тұңғыш рет халқының негiзгi бөлiгi мұсылман дiнiн ұстанатын мемлекет, тұңғыш рет түркi тiлдес ұлт ұйыстырып отырған мемлекет Еуропаға төбе би болатындай жағдайға жеткiзу сияқты ұлы мiндеттердi шеше алған Азаматтың асқақ бейнесi айшықты ашылады.

Кiтап авторлары — халқымыздың көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi, атақты жазушылар, саясаттанушылар, публицистер — әрқайсысы әр қырынан қарастыра отырып, елiмiздi жер-жаһанға танытқан тұңғыш Президент — Елбасының ерен еңбегiн келiстi көрсетiп қана қоймайды, елдiгiмiз, мемлекеттiлiгiмiз туралы тағылымды ойларын ортаға салады.

“Түркiстан-ақпарат”

Серіктес жаңалықтары