«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ»
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ»
Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауылында ұлттық салт-дәстүрге құрылған "Ұрпақтар сабақтастығы" атты акция өткiзiлмек.
Аталмыш акцияны Iскер әйелдер ассоциациясы және әйелдер iсi жөнiндегi отбасылық-демографиялық саясат атты ұлттық комиссия бiрлесе отырып, ұйымдастыруда. Акция бойынша жұбайлар жиналып, өздерiнiң отбасылық құндылықтарын көрсететiн болады. Ұзақ жылдардағы отбасылық тәжiрибенiң озық үлгiсiн көрсететiн жұбайлардың бұл iс-әрекетi жалындаған жастарға да тәрбие болмақ.
Сонымен бiрге, аталмыш iс-шарадан жастарымызды да, 40 жылдан астам уақыт отбасылық өмiрдiң нағыз қызығын бiрге көрiп жүрген, әлi күнге бiр-бiрiне деген ынтық сезiмдерi бар жарасты жұбайларымызды да кездестiре аласыз. "Жастар мен егде жастағы адамдарды бiр топқа бiрiктiру арқылы, ұзақ жылдар бойы жарастықта болудың сырын үйретемiз, әрi жастарымызды бiр арманның астына тоғыстырамыз", — дейдi акцияны ұйымдастырушылар.
Едiге БЕКТАС