ҚЫЗЫЛАҒАШТА МӘДЕНИЕТ ҮЙI ҚАЙТА АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛАҒАШТА МӘДЕНИЕТ ҮЙI ҚАЙТА АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛАҒАШТА МӘДЕНИЕТ ҮЙI ҚАЙТА АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
218

Қызылағаш ауылындағы күрделi жөндеуден өткен Мәдениет үйi мен ауылдық әкiмдiк ғимараты пайдалануға берiлдi. Сонымен қатар, мешiттiң, аудандық IIБ тiрек пунктiнiң, "Қазпошта" ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталды.

30-маусым күнi 86 жаңа үй және күрделi жөндеу жүргiзiлген 10 үй тұрғындар игiлiгiне ұсынылды. Пайдалануға берiлген барлық үйлер мүлiктермен және үй қажеттiлiктерiмен қамтамасыз етiлдi. Ақтоған ауылында барлығы 29 жаңа үйдiң құрылысы, 17 үйдiң күрделi жөндеу жұмысы аяқталды. Сондай-ақ, Егiнсу ауылында барлығы 36 үйдiң күрделi жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сөйтiп үш елдi мекенде бүгiн барлығы 102 жаңа үй, күрделi жөндеуден өткен 49 үй пайдалануға берiлдi. Сол сияқты Қызылағашта 16,2 шақырымға созылған су құбырын жүргiзу жұмыстары аяқталды. Көшелерге құдықтар (колонка) орнатылып, елдi мекен ауызсумен қамтамасыз етiлдi. Ауыл толығымен жарықтандырылып, телефон байланысы орнатылып, көшелерге де жарық тартылды.

Елдi мекеннiң iшкi жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңадан асфальт төселдi. Көшелердiң бойына ағаштар отырғызылып, оларды суару үшiн арық жүйесi жасалды. Алматы – Өскемен республикалық жолындағы Қызылағаш өзенi арқылы өтетiн негiзгi көпiрдiң құрылысы жүрiп жатыр.

Қызылағаш ауылында Алматы-Өскемен тас жолының оңтүстiк беткейiне су тасқынынан қаза болғандарға арналған ескерткiштi орнату жұмыстары жүргiзiлуде.

30-маусым күнi тұрғындардың қоныс тойы қуанышына орай, "Қазақконцерт" өнер ұжымы ауыл тұрғындарына мерекелiк қайырымдылық концертiн ұсынды. "Қазақконцерт" өнер бiрлестiгiнiң директоры, ҚР Халық артисi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаев бастаған бiр топ әншi, атап айтқанда ҚР еңбек сiңiрген артистерi Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, ҚР мәдениет қайраткерлерi Сүлеймен Ибрагимов, Марал Мұхамедқалиева, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Сембек Жұмағалиев, Нұржан Жанпейiсов, Перизат Омарбекова және т.б. өнер адамдары ән мен биден шашу шашты.

Манар Әлиева

Серіктес жаңалықтары