ЖАС ТҮЛЕКТЕР ҚАНАТ ҚАҚТЫ
ЖАС ТҮЛЕКТЕР ҚАНАТ ҚАҚТЫ
Жуырда Алматы қаласында мектеп бiтiрушiлердiң "Жас түлек – 2010" фестивалi болып өттi. Мерекелiк шарада Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов жас түлектерге табыс тiлеп, өзiнiң ыстық лебiзiн бiлдiрдi.
Биыл қаламыздың 9295 талапкерлерi Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысып, оның 142-сi өз бiлiмдерiн дәлелдеп, "Алтын белгiнi" иеленсе, 167-сi үздiк аттестатқа ие болды.
Мерекелiк шара барысында ҚР Бiлiм және Ғылым министрi Жансейiт Түймебаев салтанатты түрде қала мектептерiнiң үздiк түлектерiне "Алтын белгi" медальдарын, сондай-ақ сертификаттар мен ерекше бiлiм аттестаттарын табыс еттi. Тағы бiр қуантарлық жайт, 18 түлек қаланың жоғары оқу орындарында бiлiм алуға мүмкiндiк беретiн Алматы қаласы әкiмiнiң арнайы гранттарын иелендi.
Фестиваль аясында алғаш рет әр салада жетiстiкке жеткен мектеп бiтiрушiлерге "Ана тiлiнiң жұлдызы", "Спорт жұлдызы", "Ғылым жұлдызы", "Шабыт жұлдызы", "Әдебиет жұлдызы" номинациялары табыс етiлдi.
Ботакөз АХМЕТОВА, ХҚТУ-нiң журналистика бөлiмiнiң 2-курс студентi