YРIМШIГЕ ЖАҢА БАҒЫТ
YРIМШIГЕ ЖАҢА БАҒЫТ
Қазақстаннан Шығысқа қарай жаңа бағыт ашылды. "Эйр Астана" ұлттық әуетасымалдаушысы Алматы-Үрiмшi бағыты бойынша аялдамасыз әуесапарын 2 шiлдеден бастап жүзеге асырады.
Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыс қарқынды дамуда. Сондықтан аталмыш бағыт бейсенбi, сенбi және дүйсенбi күндерiнде ұшырылады. Үрiмшiге жол тартқан жолаушылар "ЭйрбасА320" әуе кемесi арқылы бiр жарым сағатта шекара асатын болады. Осы орайда "Эйр Астана" АҚ президентi Питер Фостер:
— Екi ел арасындағы қоғамдық-саяси, мәдени әрiптестiк күннен күнге нығайып келедi. Қазiргi таңда Алматы-Бейжiң, Астана-Үрiмшi бағыттары бойынша ұшыруларды жүзеге асырып отырмыз, алайда аталған рейстер бүгiнгi сұранысты қамтамасыз етуге жеткiлiксiз, — дедi. Бейжiң бағытында 2002 жылдан берi жолаушы тасымалданады.
Екi ел арасындағы рейстердi жүзеге асыруда 340 985 жолаушы және 6093 тонна жүк тасымалданған. Бұл көршi елмен жиi әуеқатынастың қажеттiгiн байқатады. ҚХР бас консулы Сунь Линьцзянь жаңа әуе бағыттарының қосылуы тек тығыз қарым-қатынасты айғақтайтынын айтты. "Былтыр Қытай мен Қазақстан арасында 500 мыңға жуық адам барып-қайтты. Әлемдiк дағдарыс жылдары жолаушылар саны бiршама кемiп қалған-ды. Бiрақ қазiр Бейжiң, Хайнань бағытында қатынаушылар саны артты, өткен жылы бiз ҚР азаматтары үшiн 130 виза рәсiмдедiк", — деп атап көрсеттi. Синьцзян-Ұйғыр автономды аймағы мен Таяу Шығыс, Орталық Азия елдерi туристер үшiн бiртабан жақындады. Екi жаққа қарай эконом санатындағы әуебилеттер құны 27 мың теңгеден басталмақ.
Ұлы Жiбек жолының тармақтарын қамтыған "Эйр Астана" компаниясы қызмет көрсету жағынан ТМД елдерiндегi алдыңғы орынды иеленiп отыр. Ал The Skytrax 2010 World Airline Award сыйлығының анықтауынша, аталмыш ұлттық компания Шығыс Еуропадағы үздiк тасымалдаушы атанды.
Ақниет ОСПАНБАЙ