БАТЫС ЕУРОПА МЕН БАТЫС ҚЫТАЙ ЖАЛҒАСАДЫ

БАТЫС ЕУРОПА МЕН БАТЫС ҚЫТАЙ ЖАЛҒАСАДЫ

БАТЫС ЕУРОПА МЕН БАТЫС ҚЫТАЙ ЖАЛҒАСАДЫ
ашық дереккөзі
510

Көптен қолға алынған құрылыстың 69 пайызын қазақстандық компаниялар жүзеге асырмақшы. "Батыс Еуропа — Батыс Қытай" автомагистралiн салуда шетелдiк компаниялардың үлесi 31 пайыз деп белгiлендi. Дәл осы мәлiмдеме дәлiз құрылысы басталмай жатып-ақ жария болған. Десе де отандық компаниялар халықаралық талаптарға сай өткiзiлген әуелгi тендерде жарамсыз деп танылған.

Батыс Еуропа — Батыс Қытай жобасын жүзеге асыруға 11 компания тартылып отыр. Тарқатып айтар болсақ, олардың 6-уы – отандық, ал 5-уi шетелдiк компаниялар.

— Жұмыс ауқымы бойынша құрылыстың 69 пайызын қазақстандық компаниялар, қалған 31 пайызын шетелдiк компаниялар атқарады, — дедi Көлiк және коммуникация министрi Әбiлғазы Құсайынов.

Министрдiң айтуынша, барлық шетелдiк компаниялардың есепшоттары Қазақстанда орналасқан. Яғни, бұл компаниялар тиiстi салықтар мен төлемдердiң барлығын Қазақстанда жасайды. Сондай-ақ, құрылысқа қажет материалдардың 90 пайыздан астамы елiмiздiң өнiмi болмақ дейдi министр. Бiрақ жақында құрылысқа жақын аумақтардағы жартастардан қиыршық тастардың заңсыз алынып жатқаны туралы мәлiм болған-ды.

— Сондықтан шетелдiк компаниялар өздерiмен бiрге тек жаңа техникалар мен технологияларды, сондай-ақ жоғары деңгейлi басшы мамандарды алып келедi. Ал "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасы халықаралық стандартқа сай болуы тиiс. Сондықтан, шетелдiктер есебiнен бұл жобада жаңа технологиялар мен жаңа материалдар пайдаланылуда, — дедi Ә.Құсайынов.

Десе де бұл жобадан ұтар тұстарымыз да баршылық. Мәселен, маман даярлау мәселесi бiржақты шешiлмек. Осы күнге дейiн елiмiзде халықаралық талаптарға сай тасжол салатын арнайы мамандар даярланбаған көрiнедi. Көлiк және коммуникация министрлiгi осы келеңсiздiктi де қатар бiтiрiп шықпақ.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары