СЫР БОЙЫНДАҒЫ МЕЙIРIМДIЛIК ШАРАЛАРЫ
СЫР БОЙЫНДАҒЫ МЕЙIРIМДIЛIК ШАРАЛАРЫ
Қызылорда облысында республикалық "Бiрлiгiмiз жарасқан" акциясы аясында облыс әкiмдiгi бастамасымен "Сыр мейiрiмi" атты жоба жүзеге асырылып отыр.
Жоба бойынша Қызылорда қаласының Тасбөгет, Титов, Шанхай аудандарында әлеуметтiк аз қамтамасыз етiлген азаматтарға, яғни, жалғыз басты қарттарға, мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға, тұрмысы төмен отбасыларының мүшелерiне "Арман", "Бақыт", "Болашақ" дәмханаларында тегiн түскi ас берiлдi. Жобамен 240 азамат қамтамасыз етiлдi, оның iшiнде жүре алмайтын 90 адамның үйiне түскi ас апару қолға алынған. Мұқтаж азаматтарға әлеуметтiк қолдау көрсетуге бағытталған жобаны "Тұрмысы төмен отбасыларын қолдау жөнiндегi қор" жүзеге асырады.
Жоба "Игiлiк" корпоративтiк қорынан қаржыландырылып, жалпы құны 23 917 930 теңгенi құрайды.
Сондай-ақ, аз қамтылған, тұрмысы төмен, жұмыссыз азаматтарды киiм-кешекпен, азық-түлiкпен қамтамасыз ету мақсатында "Бiр отбасы – екiншi отбасына" атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.
Облыста республикада алғаш рет үйден оқылатын мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған арнайы "Мүмкiндiгi шектеулi балаларды қашықтан оқыту" пилоттық бағдарламасы әзiрлендi. Қызылорда қаласында 34 балаға ноутбук сыйға берiлдi. Барлығы интернет желiсiне қосылып, жыл бойына тегiн пайдалануға мүмкiндiк алды. Сондай-ақ, оқу процесiне қажеттi электронды оқулықтармен қосымша құралдар қоса берiлдi.
Қазiргi әлеуметтiк-экономикалық және саяси талаптарға сәйкес балалардың өмiр сапасын жақсарту мақсатында балалар және сәбилер үйiнде тәрбиелеуден отбасылық тәрбиеге көшiру тәжiрибесiн республикада бiрiншi болып басталды. Қазiргi таңда 337 баланы 258 отбасы патронаттық тәрбиеге алды. Патронаттық тәрбиеге 2009 жылы 98,0 млн. теңге, 2010 жылы 106,7 млн. теңге қарастырылған.
Халықаралық балаларды қорғау күнiне орай облыстық әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның ұйымдастыруымен "Ананы бағалайық, баланы аялайық" атты қайырымдылық акциясы өткiзiлдi. Акцияның негiзгi мақсаты – дүниеге бiр сәтте екi бала және үш бала әкелген жас аналарға қолдау көрсету болып табылады. Қазiргi таңда облыста өмiрге үшемдер әкелген 5 жас отбасы бар, олардың жас шамасы 32-37 жас аралығында.
Қазақстан Республикасы Президентi
жанындағы Әйелдер iстерi және
отбасылық-демографиялық
саясат жөнiндегi комиссияның Хатшылығы