АКАДЕМИКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТIЛДI

АКАДЕМИКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТIЛДI

АКАДЕМИКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТIЛДI
ашық дереккөзі
183

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қара шаңырағында ҚР бiлiм және ғылым минстрлiгi және ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетiнiң ұйымдастыруымен академик, мемлекет қайраткерi Төлеген Тәжiбайұлы Тәжiбаевтың 100 жылдығына арналған "Жоғары бiлiм берудiң қазiргi мәселелерi: жетiстiктерi мен болашағы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өттi.

Академик туралы баяндаманы профессор Ақтолқын Құлсариева жасады. Конференцияға алыс-жақын шет елдерден де арнайы қонақтар келiп қатысты. Каир университетiнiң академигi, Қазақстандағы "Нұр-Мүбарак" университетiнiң ректоры Махманд Хегази, психология ғылымдарының докторы К.Жарықбаев және өзге де академиктiң шәкiрттерi қатысып, ұстаздары туралы естелiктерiн ортаға салды.

Сонымен бiрге елiмiздiң Сыртқы iстер министрлiгiнен, Бiлiм және ғылым министрлiгiнен, Мәдениет министрлiгiнен, Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнен өкiлдер қатысып, өз құттықтауларын жеткiздi.

Конференция барысында академик Төлеген Тәжiбаев атындағы арнайы аудиторияның ашылуы болды.

Өскенбай ҚҰЛАТАЙҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары