АҚЫН АТЫНА АЛТАЙДА КӨШЕ БЕРIЛДI

АҚЫН АТЫНА АЛТАЙДА КӨШЕ БЕРIЛДI

АҚЫН АТЫНА АЛТАЙДА КӨШЕ БЕРIЛДI
ашық дереккөзі
1168

Жуырда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық мәслихатының депутаттары дүниеден ерте өткен, есiмi республикаға танымал талантты ақын Нұрлан Мәукенұлының атына Зайсан қаласынан көше беру мәселесiн қарады.

Маусым айында өмiрден ертерек өткен ақынның туғанына елу жыл толады. Ақынның көзi тiрiсiнде онымен шығармашылық жолда қатар жүрген бiр топ елге танымал азаматтар осы жазда Зайсан топырағына табан тiреп, ақынға арнап ас бермек, шығармашылығын насихаттамақшы.

Халық қалаулылары ұсынысты бiр ауыздан қабылдап, Зайсан қалалық округiне қарасты Юрий Гагарин атындағы көшенi Нұрлан Мәукенұлының есiмiмен атауға шешiм шығарды.

Асқақ Алтайдың ақын ұлының аты мәңгiге сақталмақшы.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары