"БАЛДЫРҒАНЫҢА" ЖАЗЫЛ, БАЛАҚАЙ!

"БАЛДЫРҒАНЫҢА" ЖАЗЫЛ, БАЛАҚАЙ!

"БАЛДЫРҒАНЫҢА" ЖАЗЫЛ, БАЛАҚАЙ!
ашық дереккөзі
342

Шыға бастағанына жарты ғасырдан астам уақыт болған "Балдырған" журналы — елiмiздегi қазақ балаларына арналған бiрден бiр көркем суреттi әдеби басылым. Қара көз қазақ баласы қара танығаннан бастап рухани нәр алатын алғашқы мөлдiр бастау. Жарық көрген күнiнен бергi уақытта оның балауса балғындардың сүйiктiсiне айналып, мектеп бағдарламасына көмекшi құрал ретiнде қазақ ұландарының көркемдiк-эстетикалық танымының қалыптасуына елеулi үлес қосып келе жатқанын қазiргi көзi қарақты кiсiлерге айтып жатудың өзi артық. Өткен уақыт iшiнде өзiнiң авторлар қосынын қалыптастырып, мол тәжiрибе жинақтап, болашағына мықты негiз қалаған балғындар журналы бүгiнгi өзгерген заман сұранысына сай жетiлiп, қанаттанып, жаңа бағытқа қарай бет түзеген. Бұл тұрғыдан алғанда, басылымның келешекте де ана тiлiн ардақ тұтар ұлт жеткiншектерiнiң сырлас досы, сенiмдi серiгi болып, бiлiм бұлағынан үздiксiз сусындата беретiнiне күмән жоқ.

Берiлген әдеби туындының тақырыбына қарай көркем суретпен безендiрiлген журналдың әрбiр бетi қызықты оқылады, балалардың танымына дөп келедi. Басылымның қамтитын мазмұны да аса ауқымды. Халқымыздың рухани қазынасына айналған ертегi-аңыз, жаңылтпаш-жұмбақтардан бастап, бүгiнгi күн балаларының өмiрiнен алынған әңгiме-өлең, тақпақ-санамақтар да үзбей жарық көрiп отырады. Сондай-ақ, әлем балалар әдебиетiнiң жауһарларына да тұрақты орын берiлiп келедi. Сирек кездесетiн қолжазбалар қорынан алынған балаларға арналған туындылар – "Мәдени мұра" айдарының еншiсi.

Балғын қаламгерлердiң шығармалары "Бастау" және "Балдырғанның" сурет галереясы" айдарларының тұрақты көзайымы. "Ол кiм, бұл не?" – танымдық туындыларға тиесiлi арнаулы бет. Әрине, оқырман бала журнал бетiнен бұдан басқа да талай қызықты нәрселердi таба алатынында күмән жоқ. Бiз тек бiр бөлiгiн ғана тiлге тиек еттiк. Жергiлiктi жерлердегi барлық "Қазпошта" мекемесi арқылы жазылуға болады. Жазылу бағасы:

Алматы қаласы бойынша 6 айға — 660 теңге, 26 тиын

Обылыс орталықтары бойынша 6 айға — 679 теңге, 26 тиын

Аудандар мен ауылдарда 6 айға — 700 теңге, 02 тиын

ИНДЕКСI — 75610

Серіктес жаңалықтары