"ЭЙР АСТАНА" "ӘЛЕМНIҢ ҮЗДIК ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫ" ЖҮЛДЕСIНIҢ ИЕГЕРI БОЛДЫ

"ЭЙР АСТАНА" "ӘЛЕМНIҢ ҮЗДIК ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫ" ЖҮЛДЕСIНIҢ ИЕГЕРI БОЛДЫ

"ЭЙР АСТАНА" "ӘЛЕМНIҢ ҮЗДIК ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫ" ЖҮЛДЕСIНIҢ ИЕГЕРI БОЛДЫ
ашық дереккөзі
178

Skytrax 2010 World Airline Awards беделдi жүлдесiнiң шеңберiнде "Шығыс Еуропаның үздiк әуе компаниясы" номинациясы бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясы үшiншi орынға лайық болғаны туралы қуана хабарлаймыз. "Эйр Астана" Орталық Азиядан және ТМД аймағынан осы рейтингте белгiленген жалғыз әуе компаниясы. Бұл оның аймақтағы көшбасшылық орнын куәландырады.

Skytrax World Airline Awards халықаралық тәуелсiз жүлдесiнiң жеңiмпаздары жыл сайын әлемнiң 200 әуе компаниялар арасында анықталады. Жер жүзiндегi 100-ден астам елдiң 17,9 миллион саяхатшылары Skytrax рейтингтiк компаниясының сауалнамасына 2009-2010 жылдары жауап берген.

Skytrax беделдi жүлдесiн тапсыру салтанаты жұлдыздарды ресми түрде беруден кейiн өтедi. 2009 жылдың наурыз айында "Эйр Астана" 3 жұлдыз рейтингiсiне лайық болды, ал әуе компаниясының бизнес-класы қысқа қашықтағы бағыттарда 4 жұлдыздармен бағаланған.

Әуе компанияны бағалау мен рейтинг беру үдерiсi әрбiр әуе компаниясының қызметтер көрсетудiң 800 түрлi қырларын есепке алады, сондай-ақ, рейтинг бiр жұлдыздан (төмеңгi деңгей) бес жұлдызға дейiн (керемет) берiледi. Әлемдегi әуе компаниялардың көбiсi 3 және 4 жұлдыздарға ие және кейбiр халықаралық әуе компанияларға ғана 5 жұлдызды рейтинг берiлген. ТМД және Орталық Азия елдерiнде "Эйр Астана" 3 жұлдызды рейтинге лайық болған екi әуе компаниялардың бiрi болды.

"Эйр Астана" әуе компаниясы кезектi рет Ресей әуе жолдары және Орталық Азия мен ТМД аймағында бүкiл әлемде танылған ең жоғарғы стандарттарға сәйкес қызмет көрсету саласында даусыз көшбасшыға айналды. "Эйр Астана" әуе компаниясының қызмет көрсететiн персоналын осы үлкен жүлденi алуға мүмкiндiк берген жiгерлiгi мен берлiгендiгi үшiн шын жүректен құттықтаймын", – дедi "Эйр Астана" АҚ президентi.

2010 жылдың 15 мамыр күнi "Эйр Астана" әуе компаниясының құрылғанына 8 жыл толды. Ұлттық әуе тасымалдаушы Алматы қаласының әуежайынан ұшулардың таралу шегiн кеңейтудi жоспарлап отыр. Биыл Алматыдан Қытайдың батыс орталығы Үрiмшi қаласына, Тәжiкстан астанасы Душанбе қаласына, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына әуе байланысы басталады.

Осы рейстер қазiргi бағыттық желiнi толықтырады. Бүгiн әуе компаниясы Әзiрбайжан астанасы Бакуға, Қырғызстан астанасы Бiшкекке және оңтүстiк Ресейдiң өнеркәсiптiк және мәдени орталығы Новосiбiрге рейстер орындайды. Омбы және Екатеринбург қалаларына әуе байланысты ашу мүмкiндiгi қарастырылып жатыр.

Аймақтық рейстер орындау үшiн "Эмбраер Е190" жаңа ұрпақ ұшақтары таңдалған. Операциялық лизингке алынған алғаш үш ұшақтардың алғашқысы 2011 жылдың басында жеткiзiледi. Оған дейiн бұл бағыттарда "Эйрбас А320" тобының ұшақтары қатынайды.

Әуе компаниясы жоспарымен бөлiсе отыра, "Эйр Астана" АҚ-ның президентi Питер Фостер былай деген: "Алматыдан шекаралас елдерге және Орта Азия мемлекеттерiне 2008-2009 жылдары ашылған бағыттар жолаушыларымыздың арасында зор сұранысқа ие. Сондықтан, бiз аймақтық әуе тасымалдардың таралу шегiн кеңейтемiз және Қытайға, Тәжiкстанға және Өзбекстанға қатынайтын боламыз. "Эйр Астананың" аймақтық бағыттық желiсiнiң қалаларынан саяхаттайтын жолаушыларға бiз Азия, Еуропа және Таяу Шығыс астаналары мен қалаларына әуе компанисының рейстерiмен қолайлы түйiстiрулер ұсынамыз".

Бағыттық желiсi дамыған сайын "Эйр Астана" техникалық инновацияларды енгiзе отырып, көкте және жерде сервистi жетiлдiрiп келедi. Ескере кетейiк, былтыр "Эйр Астана" өзiнiң сату желiсiн ашты, соның арқасында сайт, сату кеңселерi, брондау және ақпарат беру орталығы және т.б. арқылы билет сатып алуға мүмкiндiк бердi.

Серіктес жаңалықтары