«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» — ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ ҚАМҚОРШЫСЫ
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» — ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ ҚАМҚОРШЫСЫ
26-мамырда ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы мен ҚР Ұлттық кiтапханасының ұйымдастыруымен таралымы 5 мың дананы құрайтын 8 оқулық басылып шықты. «ҚазМұнайГаз» Сауда үйiнiң демеушiлiгiмен жарық көрген кiтаптар елiмiздегi университет кiтапханаларына табысталды.
Қазақ тiлiнiң мәртебесiн асыру, ана тiлiмiзде сөйлеу жөнiнде қайбiр олқылықтардың орын алып жүргенi белгiлi. Ал ұлттық тiлдегi кiтаптар таралымының аздығы әжептәуiр байқалады. Әсiресе, жоғарғы оқу орындарында техника, медицина, дене шынықтыру және музыка саласында қазақ тiлдi кiтаптар аз, тiптен 35 пайызды ғана құрайды. Сондықтан, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйi оқулық мәселесiн бiржақты шешу үшiн 5 миллион теңге қосымша қаржы бөлiндi. Бұл сомаға бiрнеше автордың, атап айтсақ, Н.Махаметжановтың «Жоғары математика есептерiнiң жинағы», З.Рақымбекованың «Материалдар механикасының есептер жинағы», Г.Уәлиханованың «Өсiмдiк биотехнологиясы», К.Олжабекова мен Б.Есжановатың «Омыртқалылар зоологиясы» 1-2 томы, Д.Смағұловтың «Металлографисы» басылып шықты.
Соңғы жылдары ҚР Жоғары оқу орындарының баспа орталығы 32 оқулықты 70 мың таралыммен басып шығарған болатын.
А.Бейiмбетқызы