ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ
ашық дереккөзі
402

Жуырда Қазақстанның Азаматтық Альянсы Су-құтқару және Астана қаласының өзен суы жолын ашу командасы бiрлесiп "Жасыл ел" жауынгерлерi "Өзен патрулi" акциясын ұйымдастырды.

Қатысушылар Есiл өзенiнiң жағалауында Су-құтқару қызметi ғимараты жанында жас құтқарушыларға шомылу кезiнде жедел көмек көрсету шараларын үйрендi. Құтқарушылар жас патрульге нұсқау берiп, тренинг өткiзедi. "Бiздiң мiндетiмiз — пайдалы және керек нұсқау берудi өткiзу, өйткенi өз аумағындағы адамдарға қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша құтқарушыға маңызды жауапкершiлiк артылады", — дейдi Астана қаласы ТЖД Су-құтқару қызметi ММ-нiң бастығы Г.Саврук.

Сонымен қатар Есiл өзенiнiң жағалауларын, демалыс аймағын тазалау жұмыстары жүргiзiлдi. Ал "Жасыл ел" студенттерi осы мақсатта Астана көркiне айналған өзеннiң тазалығын қамтамасыз етiп тұрады. "Өзен патрулi" кәсiби құтқарушылардан пайдалы тәжiрибе мен бiлiм алумен шектелiп қоймайды. Тренинг пен нұсқау алған жастар Астана қаласының оқу орындарына барып, жазғы кезеңде суда жүзу мен қауiпсiздiктiң ережелерiн үйретедi.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары