АРУЛАРДЫҢ АСТАНАДАҒЫ САЙЫСЫ

АРУЛАРДЫҢ АСТАНАДАҒЫ САЙЫСЫ

АРУЛАРДЫҢ АСТАНАДАҒЫ САЙЫСЫ
ашық дереккөзі
139

Астанада Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты өтiп жатыр. 23 мамырда басталған дүбiрлi жарыс мамырдың 31-не дейiн созылмақ.

Чемпионатқа әлемнiң 22 елiнен арнайы командалар қатысуда. Қатысуға өтiнiш бiлдiрген командалардың құрамында әлемнiң, Еуропаның және Азияның жеңiмпаз командалары да бар.

Тағы бiр айта кетерлiгi, әйелдер арасындағы бокс чемпионаты Астанадағы "Дәулет" спорт-кешенiнде өткiзiлуде. 24-мамыр күнi чемпионаттың салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Бұл жарыстың тағы бiр ерекшелiгi, бұл чемпионат Лондонда өтетiн олимпиадаға баратын бағдарламалардың қатарына енгiзiлген. Азия чемпионатының Қазақстанда өткiзiлуi аталмыш спорт түрiнiң әлемдегi танымалдылығын көрсетiп отыр.

Әзiрге жарыс қызу жүрiп жатыр. Кiмдер үздiк шығып, кiмдердiң топ жарғандығы туралы мәлiметтi алдағы материалдардан бiлетiн боласыздар.

Жадыра СЕРIКҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары