ТЕМIРЖОЛДА 178 АҚАУ АНЫҚТАЛДЫ

ТЕМIРЖОЛДА 178 АҚАУ АНЫҚТАЛДЫ

ТЕМIРЖОЛДА 178 АҚАУ АНЫҚТАЛДЫ
ашық дереккөзі
165

"Қазақстан темiржолы" ҰҚ АҚ-ның "Шығыс темiржол учаскесi" филиалы Ресей аумағынан өтедi. Жақында Ресей федерациясының прокуратурасы өз аумағындағы елiмiздiң темiржол филиалына жүргiзген тексерiс қорытындыларын жариялады.

Ресей аумағындағы ШТУ филиалы пайдаланатын "543 – Локоть бекетi – "Казахстанский" разъездi" темiржол магистралiне аумақтық қағидаға сәйкес РФ көлiк прокуратурасы тексерiс жүргiзуге құқылы. 2009 жылы Батыс-Сiбiр көлiк прокуратурасы қозғалыс қауiпсiздiгi мен темiр жол көлiгiн эксплуатациялау заңнамасы негiзiнде жүргiзiлген тексерiс бойынша ШТУ магистралiнде заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтар болсақ, ақаулы рельстер, шпалдардың жарамсыздығы және ауыстыру тiлшелерiндегi саңылаудың үлкен болуы. Көп ұзамай тексеру қорытындысына сәйкес, 2010 жылы аталмыш филиалдың атына заңдылықты бұзуды жою туралы ұсыныс енгiзiлдi.

Анықталған олқылықтарға байланысты Қазақстанның Орталық аймақтық Көлiк прокуратурасы да аталмыш магистралға бақылау жұмыстарын жүргiздi. Учаскенi күту мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ көлiк қозғалысы қауiпсiздiгi және осыған бөлiнген қаражаттың жұмсалуы нысанға алынды. Нәтижесiнде жоласты топырақтың отыруы, шпалдардың шiруi сияқты 178 ақау тiркелдi. Мәселен, Ремовская-Неверовская аялдамаларының аралығын тексеру барысында 33, 34 және 37 шақырымында жол топырағы отырып қалған. Бұл өз кезегiнде үлкен апатқа әкелуi мүмкiн.

Масгитральды жолдар дирекциясы ШТУ филиалына жолдың күтiмi мен жөндеу жұмыстарына 2008 жылы – 125 миллион, 2009 жылы – 100 миллион, ал 2010 жылы – 180 миллион 736 мың теңге бөлiнген. Бұл қаржы түгелдей игерiлген. Табылған заңбұзушылықтар бойынша ШТУ филиалының директоры С.Щербаков қызметiнен аластатылды. Ал филиал директорының орынбасары А.Жексенбиевке, бас инженер А.Чигаревке қатаң сөгiс жарияланды.

Аманжол БЕЙIМБЕТ

Серіктес жаңалықтары