"НҰР-МҮБАРАК" УНИВЕРСИТЕТIНIҢ СЫЙЫ

"НҰР-МҮБАРАК" УНИВЕРСИТЕТIНIҢ СЫЙЫ

"НҰР-МҮБАРАК" УНИВЕРСИТЕТIНIҢ СЫЙЫ
ашық дереккөзі
251

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетi университетi Қазақстан және Египет Араб Республикасы үкiметiнiң арасындағы келiсiм шарт негiзiнде 2001 жылғы маусымның 18-iнде құрылып, қыркүйектiң 1-iнен бiлiм бере бастады. 2003 жылғы маусымның 12-сiнде АА№0000189 лицензиясын алып, мемлекеттiк аттестациядан өттi.

ҚР Парламентiнде ратификацияланған соң, 2003 жылғы шiлденiң 2-сiнен заңды оқу орнына айналды.

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетi университетi Қазақстандағы жоғары бiлiмдi имамдар, исламтанушылар, дiнтанушылар, араб тiлi мен әдебиетi оқытушыларын, аудармашылар, теологтар даярлайтын бiрегей оқу орны. Екi ел арасындағы рухани байланыстарды нығайту мақсатында iргесi қаланған университет толайым табыспен қызмет атқаруда. Жыл сайын жоғарыда аталған мамандық иелерiн жер-жерге жiберiп, үлкен iстерге мұрындық болуда.

"Исламтану мамандығы қазiргi заман адамының өте зәру қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында ислами тұрғыдан дiни мызғымастық иесiз бен ислам өркениетi тәжiрбиелерi бойынша өмiрге заманауи тұрғыдан қарай алатын, дiн мамандары мен ғылыми зерттеушiлердi мейлiнше көптеп әзiрлеу болып табылды.

"Араб тiлiндегi дерек көздер Қазақстан мен Орта Азия жайындағы маңызды мағлұматтардан тұрады. Ол һижра жыл санағы бойынша – екiншi ғасыр мен милади бойынша – сегiзiншi ғасырдан бергi кезеңдi қамтыған.

Шындығында араб дерек көздерiндегi Қазақстан жобасы – Нұр-Мүбарак университетiнiң қазақстандық ғалымдарға, iзденушiлерге ұсынып отырған сыйы", – дейдi университет ректоры М.Ф.Хижази.

Алдағы уақытта Қазақстаннан шыққан, еңбектерiн араб тiлiнде жазған ислам әлемiне мәшһүр өзге де ғалымдарға арнап конференциялар өткiзу жоспарда бар.

Күлпара ЖҰМАҒАЛИ

Серіктес жаңалықтары