ЕРЛIК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!

ЕРЛIК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!

ЕРЛIК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!
ашық дереккөзі
276

9 мамыр – халқымыздың ержүректiлiгi мен төзiмдiлiктерiн паш ететiн, тарихта мәңгiлiк қалатын күн. Осы маңызы зор мерекеге орай университет музейiнде өткiзiлген Ерлiктi, Батырлықты, Даңқты паш ететiн Ерлiк сабағы – өз Отанын қорғап, жер бетiне бейбiтшiлiк орнату үшiн, болашақ ұрпақтың бақыты үшiн күрескен батырлар, майданда қаза болған жауынгерлердiң ержүректiлiгi, төзiмдiлiктерi мен қайсарлықтарына арналды. Жалпы Ұлы Отан соғысына С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дан қатысқан адам саны – 287, соның 50-уi майданда қаза болды. Олардың есiмi университеттiң естелiк кiтабында алтын әрiптермен жазылған.

Салтанатты ерлiк сабағын университет ректоры, академик Б.Т. Жұмағұловтың атынан тiл және тәрбие iсi жөнiндегi проректор Ш.Е. Жаманбалаева құттықтау сөз сөйлеп, ардагер ағаларымыздың өздерiнiң қайтпас қажырлықтарының, ерлiктерiнiң арқасында бiзге бейбiт өмiр сыйлағаны үшiн алғыс айтты. Музей директоры б.ғ.д Т.Л. Тәжiбаева өткiзiлiп отырған бұл шараның жас ұрпаққа берер тәлiмдiк мағынасының зор екенiн, соғыс және еңбек ардагерлерiнiң Ұлы Жеңiске жетуде қосқан ұлан-ғайыр үлесiн түсiнiп қана қоймай, қазiргi бейбiт өмiр сүрiп жатқан өрескел ұрпақтың осы кiсiлер алдында мәңгi борышты екендiгiн айтты.

Соғыс ардагерi және университет профессоры У. Шалекенов, қалалық ардагерлер кеңесi төрағасының орынбасары Х. Омаров т.б. арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, университет проректоры Н. Ыбырайыммен бiрге ҰОС арналған музей экспозициясына гүл шоқтарын қойды. Шақырылған қонақтар iшiнде қалалық, аудандық ардагерлер кеңесiнiң мүшелерi, қазақстандық жастарды отансүйгiштiкке насихаттау және тәрбиелеу комиссиясының төрайымы Б.Рамазанова, университет әскерi кафедрасының полковнигi, профессор, РФ Әскери Академияның корреспондент мүшесi П. Ермекбаев, ауған соғысының ардагерi, подполковник М.Ниязбаев, соғыс ардагерi ф.ғ.д. профессор Ханғали Сүйiнiшәлиевтiң жұбайы Ақсұлу Талапқалиқызы және студенттер мен музей қызметкерлерi қатысты.

Кездесу барысында Ұлы Жеңiстiң 65 жылдығына арнайы дайындалған бейнефильмнiң тұсаукесерi өттi. Ардагерлерге музей қызметкерi А.Ж.Жабықпаева сұрапыл соғыста қайтпас қаһармандығымен, қайсарлығымен жеңiске жеткен университет азаматтарының даңқына арналған бейнефильмдi ерекше сүйiспеншiлiкпен таныстырып өттi.

Ардақ ЖАБЫҚПАЕВА

Серіктес жаңалықтары