ӘСКЕРИ ҰШАҚТАР УКРАИНАДА ЖӨНДЕЛЕДI

ӘСКЕРИ ҰШАҚТАР УКРАИНАДА ЖӨНДЕЛЕДI

ӘСКЕРИ ҰШАҚТАР УКРАИНАДА ЖӨНДЕЛЕДI
ашық дереккөзі
348

Биылдан бастап Қазақстан Қорғаныс министрлiгiнiң әскери ұшақтары Украинаның авиажөндеу кәсiпорындарында жөндеуден өтетiн болады.

ҚР Қорғаныс министрi Әдiлбек Жақсыбеков Украинаның Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Николай Селивонмен келiссөздер барысында осындай шешiмге келдi. Бұл келiсiмге сәйкес Киев авиажөндеу кәсiпорны елiмiздегi жөндеудi талап ететiн Су-25, МиГ-27, МиГ-23УБ және МиГ-29 ұшақтарын ағымдағы жылдың соңына дейiн қатарға қайта қоспақ. Сондай-ақ, екiжақты келiсiмдер барысында белгiлi болғандай, елiмiздегi әскери кадрлардың арзан бағамен ғылыми салалар бойынша бiлiм алуына жәрдемдесетiн болады.

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы АҚ базасында танктер, жаяу әскердiң соғыс машиналары мен бронетранспортерлердi жаңа технологиялармен алмастырып, жаңаландыру негiзiнде тәжiрибе алмасатын кәсiпорын ашылуы мүмкiн» дедi Халықаралық қатынастар департаментi бастығының мiндетiн атқарушы Әлiбек Құлбаев. Бұған дейiн де әскери бiлiм алмасу екi ел арасында жүзеге асып келген. Мәселен, Житомир қаласындағы С.Королев атындағы ұлттық авиациялық университеттiң қысқа мерзiмдегi академиялық офицерлiк курсын Қазақстан Қарулы күштерiнiң 12 офицерi бiтiрiп шыққан.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары