«ЖАСЫЛ ЕЛМЕН» СЕНБIЛIККЕ!

«ЖАСЫЛ ЕЛМЕН» СЕНБIЛIККЕ!

«ЖАСЫЛ ЕЛМЕН» СЕНБIЛIККЕ!
ашық дереккөзі
358

3 мамырда Шығыс Қазақстан облысында «Жасыл ел» және студенттiк құрылыс жасақтары «Өткендi болашақ үшiн сақтаймыз» атты патриоттық акция ұйымдастырды. Бұл акция барысында жоғарғы және арнайы оқу орындарының студенттерi сенбiлiкке шықты.

Аталмыш акция Өскемен қаласындағы Даңқ мемориалы мен Славский және Протозанов атындағы жағалау ауданынан басталды. Қаланы көркейтуге 27 оқу орнының бiр жарым мыңнан астам студенттерi атсалысты. Бұл сенбiлiкке облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Т.Түсiпханов қатысып, құттықтау сөз сөйледi.

Сенбiлiктiң ашылу салтанатын Ұлы Отан ардагерлерi де тамашалады. Саябақ кешендерiн, жағалаулар мен аллеяларды тазалауға атсалысқан жастар «Ұлы Жеңiске – 65 жыл!» атты эмблемасы бар шарларды әуеге ұшырды. Ал мың бұралған бишiлер бес жұлдыз өрнегiн құбылта биледi.

Бұл iс-шара соңында жастар майдан және тыл еңбеккерлерiнiң жанқиярлық еңбектерiнiң құрметiне, «мәңгiлiк алау» жанында «Естелiк вахтасында» тұрды. Ұлы жеңiске орайластырылған сенбiлiк республиканың басқа да облыстарында жалғасын тауып жатыр.

А.ЖАНАЕВА

Серіктес жаңалықтары