"БАЛҚАДИША" ҮЗДIК ШЫҚТЫ

"БАЛҚАДИША" ҮЗДIК ШЫҚТЫ

"БАЛҚАДИША" ҮЗДIК ШЫҚТЫ
ашық дереккөзі
281

"Отаным – жүрегiмде" атты патриоттық тақырыптағы бейнеклиптер байқауы өткiзiлгенiн көпшiлiк қауым жақсы бiледi. Өткен аптаның жексенбiсiнде аталмыш байқаудың қорытынды концертi өткен болатын. Аталмыш гала-концертте үздiк бейнебаяндарға жүлделi сыйлықтар берiлген едi.

Әуелi ынталандыру сыйлықтары табыс етiлдi. Олардың арасында Бауыржан Оспановтың "Қарындасыма", "Ұлытау" тобының "Жұмыр қылышы", Мэлс Сағатұлының "Сары бидайы", Әлия Әбiлқайырдың "Қайсар қазағы" мен Мақпал Диханбаеваның "Ауылым әнi" атты әндерiне түсiрiлген бейнебаяндар бар.

Жүлделi орындар бесеу. Жас әншi Асыл Жандәулеттiң "Ардагер асыл ағалар" әнiне түсiрiлген бейнеклипiмен Сәния Ғаниқызының "Нұр Астана" әнi үшiншi орынды қанжығасына байласа, Ескендiр Хасанғалиевтiң "Жасай бер, Қазақстан!" әнi мен Әсем Құдайбергенованың "Көкпар" әнi екiншi орындарды иемдендi. Ал 1-орынға лайықты деп табылған бейнеклип – Қанат Айтбаевтың "Астана вальсi".

Аталмыш байқаудың үздiк бейнеклипiн Ақан серiнiң "Балқадишасы" жеңiп алды. "Балқадишамен" үздiк атанған "Жiгiттер" квартетiне арнайы сыйлықты Заңғар шығармашылық бiрлестiгiнiң төрағасы Айдар Қырықбай табыс еттi.

Марапаттау рәсiмiнiң соңы патриоттық әндердiң думанды кешiне ұласты.

Махаббат ӘДIЛХАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары