ЕР ЕСIМI — ЕЛ ЕСIНДЕ

ЕР ЕСIМI — ЕЛ ЕСIНДЕ

ЕР ЕСIМI — ЕЛ ЕСIНДЕ
ашық дереккөзі
378

Ұлы Жеңiстiң 65 жылдық мерекесi құрметiне Шымкент қаласынан «Даңқ мемориалы» ашылады

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың халқымызға әкелген қасiрет-қайғысы ешқашанда ұмытылмайды. Сол соғыста Қазақстан 700 мыңнан астам азаматынан айырылды. Тылдағылар соғыстан да бетер ауыр азапты күндердi бастан кештi. Өткенiн ұмытқан ел ешуақытта болашағының қадiрiн бiлмейтiнi анық. Ал бiздiң жаңа ұрпақ соғыстың жанға жара салған сол қасiретiн жадынан шығармағаны ләзiм. Осы мақсатта Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Асқар Мырзахметов жыл басынан берi Шымкент қаласында Ұлы Жеңiстiң 65 жылдығына арналған «Даңқ мемориалының» алып кешендi құрылысын қолға алған едi. Ендi мiне, мереке күнi қарсаңында толық бiтiрiп отыр. Аллеяның ұзындығы 285 метр, енi 22 метр. Жалпы аумағы 4002 шаршы метрдi құрайды. Аллеяның қарама-қарсы қабырғаларындағы мәрмәр тасқа Оңтүстiк Қазақстаннан соғысқа аттанған 133 мыңнан астам адамның аты-жөндерi анықталғандары ойып жазылған. Совет Одағының Батырларына арнай орын берiлген. Кешеннiң жалпы құны 201,5 млн. теңге. Оның 151,9 млн. теңгесi жеке бизнес өкiлдерiнiң әлеуметтiк қолдауынан түскен. Ал бюджеттен 49,6 млн. теңге ғана жұмсалыпты.

Мұндай алып «Даңқ мемориалы» елiмiзде бұрын-соңды болған емес. Бұл соғыс ардагерлерiне, аға ұрпаққа деген үлкен құрмет.

Серіктес жаңалықтары