Қазақ журналистерiнiң I халықаралық форумына қатысам деушiлер назарына!
Қазақ журналистерiнiң I халықаралық форумына қатысам деушiлер назарына!
2010 жылғы 17-18 мамыр аралығында Алматы қаласында Қазақ журналистерiнiң I халықаралық форумына қатысушылардың тiзiмiн жасақтау, оның Бағдарламасын дайындау мақсатында Тiркелу анкетасын толтырып kazkuryltai@mail.ru электронды поштасына салуыңызды сұраймыз.
Ұйымдастыру комитетiнiң шешiмi бойынша негiзгi қаржылық көмек Форумға шетелден келетiн әрiптестерiмiзге көрсетiлетiнiн ескертемiз. Сондықтан қазақстандық қатысушылар мүмкiндiгiнше көлiк, қонақүй мәселелерiн редакция қаржысымен немесе демеушiлер арқылы шешкенi абзал болар едi.
Егер қажет болған жағдайда әрбiр қатысушыға ұйымдастыру комитетiнiң атынан арнайы шақыру жiберуге әзiрмiз.
Қазақ журналистерiнiң I халықаралық форумына қатысушының баяндамасына қойылатын талаптар:
Қазақ журналистерiнiң I халықаралық форумына қатысып, сөз сөйлеймiн деушiлер Форумның Ұйымдастыру комитетiне өз баяндамалары мен хабарламаларының мәтiнiн Форумның бағдарламасын алдын-ала әзiрлеу мақсатында 2010 жылдың 10 мамыр күнiне дейiн жiберуi керек.
Баяндаманың не хабарламаның мәтiнi Microsoft Word мәтiндiк редакторының негiзiнде терiлiп, Форумға қатысушының анкетасымен қатар жiберiлуi тиiс. Бұл құжаттарды ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерiне төмендегi электронды пошталарға asarimov@mail.ru; tek17@mail.ru; dauren-kuat@mail.ru жiбергендерiңiз абзал.
Баяндаманың көлемi 14 шрифтiмен терiлiп, 5-6 беттен аспағаны абзал. Хабарламалардың көлемi 2-3 беттен аспауы тиiс. Баяндамалар мен хабарламалардың толықтырылған нұсқаларын Форумның нәтижелерi бойынша шығарылатын жинақтарға енгiзуге болатынын ескертемiз.
Хабарламаға енетiн барлық суреттер мен таблицалар араб сандарымен нөмiрленуi тиiс.
Баяндама және хабарламаның мәтiнiнiң құрылымы: баяндаманың атауы (мәтiннiң басында қара бояулы iрi шрифтiмен терiлуi керек), автордың толық аты-жөнi, атқаратын қызметi мен жұмыс орны, оның ғылыми және қоғамдық лауазымдары (қажет деп тапса).
Форумның негiзгi жұмыс тiлi — қазақ тiлi.
Форумға құжаттарды:
1. Мәтiндiк нұсқада
2. MS Power Point бағдарламасының көмегiмен жасалған электронды презентация ретiнде ұсынуға болады.
Форумның регламентi:
Пленарлық отырыстағы басты баяндамалар — 10-15 минут;
Пленарлық отырыстағы қосымша бағдарламалар — 8-10 минут;
Сессиялардағы хабарламалар – 8-10 минут;
Сұрақ-жауапқа 3-5 минуттен.
Ұйымдастыру комитетi.
Қазақ журналистерiнiң форумы туралы қосымша мәлiмет алғыңыз келсе, ұйымдастыру алқасының мүшелерiне хабарласыңыз.
Айдос САРЫМ, 8 701 999 8222, asarimov@mail.ru;
Талғат ЕШЕНҰЛЫ, 8 701 161 6162, tek17@mail.ru;
Дәурен ҚУАТ, 8 701 513 4188, dauren-kuat@mail.ru