ЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКIШ

ЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКIШ

ЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКIШ
ашық дереккөзі
318

1941-1945 жылдар… Алапат соғыс қандастарға да өз қиыншылығын әкелмей қоймады. Екi көзi жәутеңдеген жеткiншек әкесiнен айырылса, базбiреулер баласымен, жолдасымен, етбауырымен қош айтысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жеңiстiң 65 жылдығын елiмiздiң барлық өңiрiнде лайықты деңгейде атап өтудi тапсырды. Елбасы кез келген соғыс ардагерi мен олардың жесiрлерi, сондай-ақ тыл еңбеккерлерi өздерiн мемлекет назарынан тыс қалған жандай сезiнбеуi тиiс екендiгiн де баса айтты. Осыған байланысты Н.Назарбаевтың ардагерлерге сый-құрмет көрсетiп, оларды марапаттап, баспанамен қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек көрсету туралы нұсқау бергенi де ел есiнде. Жуырда, Жеңiстiң 65 жылдығы қарсаңында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бесмойнақ елдi мекенiнде соғысқа қатысып, қуғын-сүргiнге ұшыраған жергiлiктi 220 адамның есiмi жазылған, мәрмәр тастан жасалған монументтiң ашылу салтанаты болды. Ел азаматтарын ел есiнде қалдыру мақсатында тұрғызылған монументтiң биiктiгi – 7 метр. Ал ортада мәңгiлiк алау жанып тұр. Ескерткiштi жеке қаражатымен тұрғызған ауыл азаматы Мұхтар Сұлтанғазыұлының айтуынша, соғыстан аман-есен оралған 76 ардагердiң бүгiнде үшеуiнiң ғана көзi тiрi.

«Жергiлiктi мектептi 20 жыл басқарған соғыс ардагерi Тiлеген Жақыпбайұлы ағамыздың ескерткiштi тұрғызуда көмегi зор болды. Ол кiсiден барлық деректердi алып, ел азаматтарының есiмiн толық жазып қойдық. Монумент мешiттiң ауласына тұрғызылғандықтан, ескерткiш тақтаға: «Алла Тағаланың үйi – мешiтте қайтыс болғандардың әруағына дұға жасалсын, келер күннен әр азамат өз отбасын, халқына жақсылық тiлегей!» – деп жаздырттым. «Әлемнiң жарығын сыйлаған – Ана!», «Әр күнгi бiткен iс – келешек тарих!», «Өлiге иман, тiрiге береке берсiн!» – деген сөздер де жазулы. Осындай игi iстiң жүзеге асуына аудан азаматы, белгiлi жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы, ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Нұрманбет Аманжолұлының үлесi бар. Мешiтке келген иманды жастарымыздың бойында Отанды сүюге деген сезiмдерi арта берсiн деген ниетпен осы бастаманы жүзеге асырдық. Әр күнгi бiткен iс – келешек тарих!» – дейдi Мұхтар Сұлтанғазыұлы Жуаров.

Ескерткiштiң ашылу салтанатында өткенге салауат айтылып, құрбандардың рухына құран бағышталды.

Ағабек АРЫН

Серіктес жаңалықтары