ХАСАН ОРАЛТАЙ КӨЗ ЖҰМДЫ

ХАСАН ОРАЛТАЙ КӨЗ ЖҰМДЫ

ХАСАН ОРАЛТАЙ КӨЗ ЖҰМДЫ
ашық дереккөзі
207

2010 жылдың 14-сәуiрi таңғы сағат 8-де Алаштың ардақты ұлы, көрнектi қаламгер, қоғам қайраткерi, Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегерi Хасан Оралтай 77 жасында Мюнхенде аурудан қайтыс болды.

Хасан Оралтай Қалибекұлы 1933 жылы ҚХР ШҰАР-да туған. Ауылда араб тiлiнде сауат ашқан. Ол 1946 жылдан бастап қызыл үкiметтiң қудалауымен Атамекенiнен шет елге ауып, 1951-1954 жылдары Үндiстанның Кашмир өлкесiн паналаған. 1954-1967 жылдары Түркияда газет, журнал, кiтап шығарумен айналысқан. "Қазақ түрiктерi", "Елiм-айлап өткен өмiр" секiлдi кiтаптары халықтан жоғары бағасын алды. 1968-1995 жылдары халықаралық "Азаттық" радиосында қазақ бөлiмiнiң бастығы болған. Зейнеткерлiк демалысына шыққан соң, өмiрiн Германияның Мюнхен қаласында өткiздi.

Хасан Оралтай 2007 жылы ҚР Журналистика академиясының БАҚ саласындағы жалпы ұлттық "Алтын самұрық" сыйлығымен марапатталды.

2008 жылы Еуропа қазақтары көш тарихының көсемдерiнiң бiрi, Алаш ардақтысы Қалибек Хакiмнiң 100 жылдық мерейтойының Алматыда аталып өтуiне ерекше еңбек сiңiрдi. Әрi осы Халықаралық конференция негiзiнде 2009 жылы "Бiлiм" баспасынан "Қалибек Хакiм туралы естелiктер" атты кiтап шығаруға ат салысты. Алаш рухын асқақтатушылардың соңғы тұяқтарының бiрi болған Хасан Оралтайдың тұтас өмiрi әкесiнiң басынан өткен қанды күндердiң жалғасындай "елiм" деп еңiреп өттi.

Жатқан жерiңiз жаннат, топырағыңыз торқа болсын, аяулы аға!

Жәди ШӘКЕН

Серіктес жаңалықтары