«МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ — МЕНIҢ ТIЛIМ» ДӘСТҮРЛI ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТI

«МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ — МЕНIҢ ТIЛIМ» ДӘСТҮРЛI ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТI

«МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ — МЕНIҢ ТIЛIМ» ДӘСТҮРЛI ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТI
ашық дереккөзі
230

Облыстық тiлдердi дамыту басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысындағы мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар және оқу орындарының қызметкерлерi арасында мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейтiп, мәртебесiн арттыру, өзге ұлт өкiлдерi арасында қазақ тiлiн кеңiнен насихаттау, оны оқып-үйренуге деген ықылас-ынтасын көтеру, аудандар мен қалаларда кеңiнен насихаттау мақсатында облыстық деңгейдегi маңызды iс-шаралардың бiрi «Мемлекеттiк тiл – менiң тiлiм» атты облыстық байқауы Кентау қаласында 2010 жылғы 30-наурызда Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйiнде өткiзiлдi.

Байқауға өзге ұлт өкiлдерiнiң жасы 45-ке дейiн, мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарда өткен конкурстардың жеңiмпаздары қатысты.

Байқауға қатысушылар төмендегi тапсырмаларды орындады:

— «Сыр сандық». Үмiткердiң көпшiлiкке өзiн және қызмет iстейтiн мекемесiн сахналық көрiнiс түрiнде мемлекеттiк тiлде таныстырды;

— «Ұтымды жауап, пайымды пiкiр».

а) қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына байланысты сұрақтарға жауап бердi.

ә) iс жүргiзу және мұрағат iсi салаларындағы терминдердi бiлу. Үмiткер билет бойынша берiлген орыс тiлiндегi терминдердi қазақ тiлiне аударды.

— «Сапалы аударма». Үмiткер билет бойынша берiлген iсқағазды орыс тiлiнен мемлекеттiк тiлге аударды;

— «Өнерлiге өрiс кең». Қазақ тiлiнде ән айту немесе өлең, көркемсөз оқу, би билеу және т.б. өнер түрлерiн көрсеттi.

Конкурстың қазылар алқасы үмiткерлердiң өнерiн бағалау кезiнде мемлекеттiк тiлдi және iс жүргiзу, мұрағат iсi салаларындағы терминдердi бiлу деңгейiне, тiл тазалығына, мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу қабiлеттiлiгiне, сахнада өзiн-өзi ұстауына баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша Гафарова Раушания Маратқызы (Шымкент қаласы) Бас жүлденi, Мордовский Вадим Александрович («Облыстық клиникалық ауруханасы» МКҚК) I орынды, Домбровская Ирина Валерьевна (Кентау қаласы) мен Бусыгина Юлия Сергеевна (Түркiстан қаласы) II орынды, Сон Тимур Юрьевич (ОҚО iшкi iстер департаментi) мен Гусеинова Назира Құрманәлiқызы (Ордабасы ауданы) III орынды иеленсе, қалған үмiткерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Байқауға Кентау қаласының студент жастары, бiлiм саласының қызметкерлерi мен оқушылары, қала тұрғындары қатысып, iс-шараға дән ризашылықтарын бiлдiрiп жатты. Алдағы уақытта осындай конкурстарды аудан, қала орталықтарында өткiзу дәстүрге айналады.

С.Жантелиева, ОҚО тiлдердi дамыту

басқармасының жетекшi маманы

Серіктес жаңалықтары