«АЛМАТЫИНВЕСТҚҰРЫЛЫС» ҮЛЕСКЕРЛЕРI

«АЛМАТЫИНВЕСТҚҰРЫЛЫС» ҮЛЕСКЕРЛЕРI

«АЛМАТЫИНВЕСТҚҰРЫЛЫС» ҮЛЕСКЕРЛЕРI
ашық дереккөзі
130

Үлескерлер дауы – бiтпес дауға айналуда. Сейсенбiде «Алматыинвестқұрылыс» компаниясының меншiктi баспанасын ала алмаған үлескерлерi баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Аталмыш құрылыс компаниясына кезiнде өз үлесiн қосқан кәсiпкерлер Бостандық аудандық сотына талап-арызын бердi.

Құралақан қарап отырудан жалыққан үлескерлердiң сотқа жүгiнуiне себепкер болған түйткiл көп. Үй тұрғызыла бастағанда 180 үлескер тiзiмде болған. Алайда, салынбай қалған нысандарды үкiметтен қаржыландырып, уақытында пайдалануға беру туралы мәлiмдемелердiң бiрiнде үлескер саны 160-қа кемiп қалады. Бұл өз алдына, ал нысанды толық бiтiру мақсатында бөлiнген 10 млрд. теңгеден астам сома тағы да iзiм-ғайым жоқ болған. Дайын болған үйлерге барып қоныстанбақшы болған үлескерлер жаңа пәтерлердiң «Меркурград» үлескерлерiне тиесiлi екендiгiн анықтайды. Екi компания үлескерлерi де бiр нысанға қаржысын салған көрiнедi. Құрылыс компаниясының басшылығында бiрде-бiр құжат та, тiзiм де жоқ болып шыққан. «Ал қазiр iздестiруде жүрген «Алматыинвест құрылыс» компаниясының басшысы С.Зеленский жер телiмдерiн де сатып жiберген көрiнедi. Сондай-ақ, жақында белгiлi болғандай «Алматы қаласы әкiмшiлiгi капиталды құрылыс мекемесi» ЖШС-нiң директоры М.Серғазин зардап шеккен үлескерлердiң баспанасын бөлуде заңсыз әрекеттерге барғаны үшiн сот алдында жауап беруiн талап етiп отыр», — дедi Кәсiпкерлер мен меншiк иелерiн қорғау одағының президентi В.Резван.

Меншiктi үйiм деп жүрген пәтерге үлескерлер толық құжатты да алмаған. Үлескерлер мәселесiн оңтайлы шешу мақсатында www.pole.kz сайты ашылды.

А.БЕЙIМБЕТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары