ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГI ЖАЛҒАСУДА

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГI ЖАЛҒАСУДА

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГI ЖАЛҒАСУДА
ашық дереккөзі
232

22-наурыз күнi облыс әкiмi Серiк Үмбетов Қызылағаш ауылының тұрғындары үшiн арнайы дайындалған Наурыз көже беру мерекелiк шарасына қатысты. Әкiммен бiрге ҚР Парламентi Сенатының депутаттары Нүсiпжан Нұрманбетов, Нұрлан Сүлейменов, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Керiмжан Бижанов, Уәлихан Қалижан, Үсенгелдi Медеуов, Динар Нүкетаева, Ермұхамбет Омаров барып, ауыл тұрғындарына моральдық қолдау көрсеттi.

Ауылдың шетiне тiгiлген шатырлар қалашығында дастарқан жайылып, Наурыз көже берiлдi. Осындай берекелi дастарқан ауылдың барлық көшелерiнде дайындалды.

Облыс әкiмiнiң хабарлауынша, бүгiнгi күнге жеке азаматтардан, мемлекеттiк, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардан, Ұлттық компаниялардан, республиканың өзге де облыс әкiмдiктерiнен жалпы көлемi 2 млрд. 225 млн. теңге көлемiнде қаржы түстi.

Зардап шеккендерге бiржолғы материалдық жәрдемақылар аудару үшiн «Қазпочта» АҚ арқылы есеп-шоттар ашылуда. Бүгiнгi күнге 1253 есеп-шот ашылды.

Облыстың барлық аудандары мен қалалары Ақсу ауданына материалдық көмектер жөнелтуде. Оның iшiнде азық-түлiк, киiм-кешек, мал азығы да бар. Олардан барлығы 25,5 млн. теңге болатын көмек көрсетiлген.

Республиканың барлық өңiрлерi және шет мемлекеттер де қолұшын берiп отыр. Осындай мақсатта Қырғыз Республикасынан 12 жүк көлiгiмен қайырымдылық көмек келдi.

Сонымен қатар облыс әкiмiмен бiрге Қызылағаш ауылына Қазақстан халық ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушiсi Ералы Тоғжанов бастаған ассамблея делегациясы да барды.

Зардап шеккендерге көмек ретiнде жалпы құны 1 млн. теңге болатын 14 тонна азық-түлiк пен киiм-кешектер әкелдi. Сонымен қатар жарты тонна кiр жуатын заттар мен 500 оқушыға арналған мектепке қажеттi құралдар және малға 5 тонна жем жеткiздi.

Сондай-ақ, ассамблея мүшелерiнiң жинаған қайырымдылық қаражатына ауылға монша мен спорт залы салынатын болды.

Алматы облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi

Серіктес жаңалықтары