НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАСАРУ МЕЙРАМЫ

НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАСАРУ МЕЙРАМЫ

НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН  ЖАСАРУ  МЕЙРАМЫ
ашық дереккөзі
333

АСТАНАЛЫҚ "ЕЛ" КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ МӘЛIМДЕМЕСI

Наурыз – әлем халықтары арасында ежелгi және жылдың жаңаруын алғаш әйгiлеп, адамзатқа дәстүрлеген түркi мен парсы халықтарына тиесiлi ұлы мейрам, ал ұлтымыз үшiн бiрден -бiр аяулы мереке. Алайда, Наурыз жалпыхалықтық мерекеден гөрi, жылдан жылға этнографиялық еске алу күнiне, Наурызды iшiп-жеу көрiнiсi мер тар мағынада қасаң түрде мерекелеуге айналып барады. Сондықтан да аталмыш мерекенi мұндай қарабайырлықтан құтқаратын уақыт келдi. Оның өзiне сәйкес атрибуттарын қалпына келтiрiп, мерекелiк ұғымдары мен мазмұнын орнықтыратындай шаралар қажет. Ол үшiн заман талабына сәйкес оның тарихи нышандары мен атрибуттарын лайықтап, қазiргi адамдық талғам қабылдайтындай, фольклорлық-этнографиялық ауқымнан жалпықазақстандық мереке дәрежесiне жеткiзген жөн. Осы жайтты ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентiнiң: "Түптеп келгенде бiздiң нағыз жаңа жылымыз осы Наурыз болуы қажет. 1-қаңтарды Петр бiрiншi о заманда, осыдан 300 жыл бұрын Ресейге алып келдi, батыстан, Еуропадан, Ресейден бiр үйренiп, бiрiншi қаңтарды айтып жүрмiз. Қытай халқы ақпанның ортасында өз жаңа жылын бiр апта бойы тойлайды, корей халқы да, жалпы барлық шығыс халықтары солай. Бiз де түбiнде осы мерекемiзге келуiмiз керек. Бұл халқымыздың, тәуелсiздiгiмiздiң ең негiзгi тамырының бiрi болып саналады", деген сөзiн басшылыққа ала отырып, бiрнеше ұжым бiрiгiп, "Ел" коалициясын құрып отырмыз. Мақсат – Наурыз мерекесiн толыққанды Жаңа жыл, ғаламдық жаңару мен жасару мейрамына айналдыруға жұмылу.

Коалиция жаңаша мерекелеу нұсқаларын таратуды қолға алып отыр. Ұлыстың ұлы күнiн заманға сай рәсiмдермен байыту мақсатымен халқымыздың әдет-ғұрпы мен танымына негiзделген нышандар мен атрибуттар жасақталды. Наурызды жанұяда, ұжымда, орынжайда, алаңда және шеру түрiнде өткiзуге арналған бұл нұсқалар мүдделi азаматтар мен мекемелерге тегiн таратылады.

Наурызды мерекелеу салтанатын кеңiте және тереңдете түсу үшiн, сондай-ақ, халықтық деңгейде мерекеленiп келген дәстүрге ресми мән бере тұсу жолында, Наурыз мейрамын 14-наурызда – Жаңа жылмен көрiсу салтынан бастауды ұсынамыз. Сонымен бiрге, бейресми түрде Наурыз мейрамын 13-23 наурыз аралығында мерекелеудi дәстүрге айналдыруға шақырамыз.

Қазiргi кезде коалиция бiрнеше сценарий әзiрлеп, бiлiм беру мен денсаулық сақтау мекемелерiне тегiн таратуға әзiр. Сценарийлер жинағы кiтап түрiнде әзiрлену үстiнде. Коалицияға өз әлеуеттерiмен үлестерiн қосуға әзiр кез келген ұйымдар мен фирмаларға бiрiге әрекет етуге дайын екенiмiздi жариялаймыз.

Ұлттың ұлыстығы нығая бергей! Жаңа жыл оң болсын!

Барыс жылы iргемiз мықты болсын!

Ұлыстың ұлы күнi құтты болсын!

Отбасыға Қыдыр батасы дарысын, халайық!

Ұлт мүддесiне құрметпен:

"Ұлт тағдыры – Астана" қоғамдық бiрлестiгi, Астана қаласы;

"Алаш Аманаты" қоғамдық бiрлестiгi, Астана қаласы;

"Қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерiнiң қауымдастығы",Астана қаласы;

"ДемОрда" қоғамдық қоры, Астана қаласы.

Серіктес жаңалықтары