“МИ-8” ТIКҰШАҒЫ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

“МИ-8” ТIКҰШАҒЫ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

“МИ-8” ТIКҰШАҒЫ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ
ашық дереккөзі
525

Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында Өскемен бағытына ұшып шыққан санитарлық авиацияның "Ми-8" тiкұшағы жойқын жел мен қалың қардың салдарынан апатқа ұшырады. Мақаншы ауылынан 8 шақырым жерден табылған тiкұшақ үлкен биiктiкте жарылған.

Қарлы боранда сол аймақтағы ауылдарға көмекке барған тiкұшақтың қалдықтары 800 шаршы метр жерден табылды. Науқастарды аудан орталығына жеткiзбекшi болған тiкұшақта экипаж мүшесi 2 дәрiгер, 17 жасар науқас пен Мақаншы ауылдық округiнiң әкiмi Ерболат Сағымбеков пен Благодарственное ауылының әкiмi Болат Ибраев болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментiнiң бастығының орынбасары Власовтың мәлiметiне сүйенсек, опат болған адамдардың жерлеу рәсiмiн жергiлiктi бюджет өз мойнына алған. Ал апаттың не себептен болғаны әзiрге беймәлiм.

Жанна ҚҰТТЫҒАЛИЕВА

Серіктес жаңалықтары