ҚЫРАҒЫ ҚЫЗМЕТТIҢ ҚАРЛЫҒАШЫ

ҚЫРАҒЫ ҚЫЗМЕТТIҢ ҚАРЛЫҒАШЫ

ҚЫРАҒЫ ҚЫЗМЕТТIҢ ҚАРЛЫҒАШЫ
ашық дереккөзі
368

Иә, темiрдей тәртiптi талап ететiн әскери саладағы әйелдердiң айтулы қызметiн қалай дәрiптесек те жарасады. Десе де қызығынан да қиыншылығы басым осынау әскери өмiрдiң қара қазанында қайнап жатқан қыруар шаруаны әйелдерсiз елестету мүмкiн емес. Өзiне жүктелген жауапты мiндеттi атқара жүрiп абырой мен беделге ие болған нәзiк жанды арулар ҚР ҰҚК Шекара қызметiнде баршылық. Бүгiнгi бiздiң мақаламызға арқау болып отырған кейiпкерiмiздiң әскери салада табан аудармай қызмет атқарып келе жатқанына он жылдан асыпты. Сондықтан оны тәжiрибелi шекарашы, бiлiктi маман деп айтуымызға толық негiз бар.

Бүгiнде – ҚР ҰҚК Шекара қызметi "Жағалау күзетi" өңiрлiк басқармасына қарасты 2201 әскери бөлiмiндегi Әйелдер кеңесiнiң төрайымы болып қызмет атқаратын прапорщик Татьяна Усенованы кез келген құрметке лайықты жандардың бiрi деп айтсақ артық болмас. Өйткенi әрқашан аталмыш әскери бөлiмдегi игiлiктi iс шаралады ұйымдастырып, басы-қасында жүрген Татьянаның араласқан iсi оңынан туып жатады. "Бармақ бiрiкпей, ине iлiкпейдi", – демекшi қарамағындағы қыз-келiншектердiң басын қосып, көптеген мерекелердiң жоғары деңгейде аталып өтуiне сүбелi үлес қосып келедi. Оның үстiне бiздiң кейiпкерiмiздiң жолдасы да әскери қызметшi, ол да Шекара қызметiнiң түрлi құрылымдарында қызмет атқарған тәжiрибелi шекарашы. Сондай-ақ, Татьяна үш бала тәрбиелеп отырған бақытты ана. Ол өзiнiң отбасылық өмiрiне шекарашылық қызметiнiң еш кедергi келтiрмейтiндiгiн айта келiп, "Шекара қызметi оңай емес. Десе де әскери салада жүрген әйелдер қаншама. Бұл қызметке келуге өзiм iштей қызығушы едiм" дейдi нәзiк жанды шекарашы. Ендi бiраз шегiнiс жасап,Татьяна Усенованың қызмет жолына тоқтала кетейiк.

1997 жылы "Шығыс" өңiрлiк басқармасына қарасты Жаркент шекара отрядында түрлi лауазымдарда қызметкер болып еңбек жолын бастаған Татьяна 2003 жылы Тараз шекара отрядына ауысады. Онда жауынгерлiк даярлық бөлiм бастығының аға көмекшiсi лауазымына тағайындалады. Алайда, мұнда үш жылдай қызмет атқарып, жолдасының қызметiнiң ауысуына байланысты ҚР ҰҚК Шекара қызметi Орталық аппаратындағы 2456 әскери бөлiмiнiң авиациялық бағыт бастығының көмекшiсi болып қызметiн жалғастырады. Содан 2009 жылдың наурыз айынан бастап "Жағалау күзетi" өңiрлiк басқармасына қарасты 2201 әскери бөлiмiнiң құжатпен қамтамасыз ету бастығының көмекшiсi қызметiн атқарған екен.

Мiне, осылайша түрлi лауазымдарда абыройлы қызмет атқарған прапорщик Татьяна Усенованың әскери саладағы айтулы қызметiне лайықты жан екенiн оның қызмет жолдары айқындап бергендей. Олай болса, төл мерекеңiз құтты болсын демекпiз!

Жанат ЖАБЫРБЕКОВ, Аға-лейтенант

Серіктес жаңалықтары