ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛI 1000 КҮЙI ОРЫНДАЛДЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛI 1000 КҮЙI ОРЫНДАЛДЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛI 1000 КҮЙI ОРЫНДАЛДЫ
ашық дереккөзі
364

Астана қаласындағы Президенттiк мәдениет орталығының концерт залында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi мен "Қазақстан халқының рухани даму қоры" Акционерлiк қоғамы және "Ел" продюсерлiк орталығының ұйымдастыруымен "Қазақтың дәстүрлi 1000 күйi" атты домбыра күйлерi антологиясы құрастырылды.

"Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Күмбiрлеген күйлердi насихаттау жұмыстары дәстүрлi күй өнерiнiң жанашыры "Мәдени мұра" бағдарламасының аясында жүзеге асырылып келедi. Дәлiрегi, "Қазақтың дәстүрлi 1000 күйi" антологиясы қазақтың саз өнерiнiң мұрасын саралап, зерттеп, келер ұрпаққа аман жеткiзудi көздеп отыр.

Қазақ музыкасының тарихында бiрнеше күйшiлiк мектеп сақталған. Осы дәстүрлiк күй мектептерiмен заман келбетi мен тұлғалардың өмiрi ұштасып жатыр. Құрманғазы, Тәттiмбет, Қазанғап, Дәулеткерей, Байжiгiт, Қожеке, Сүгiр күйлерi қазақ музыкасының бастау-бұлағы. Концерт барысында саусағынан майы тамған күйшiлерiмiз дәстүрлi күйлердi орындады. Атап айтар болсақ, Динаның "Бұлбұл" күйi, Дәулеткерейдiң "Аңшылық", Қаршыға Ахмедияровтың "Қайран шешем", Ықыластың "Жезкиiк", Тәттiмбеттiң "Бес төре" күйi және басқа да қазақ күйлерi өз тыңдаушысын елiтiп, дәстүрлi күй өнерiн асқақтата түстi. Сондай-ақ дәстүрлi музыканы орындауға машықтанған "Сазген сазы" оркестрi өнер көрсеттi.

А.БЕЙIМБЕТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары