ТӨЛ МӘДЕНИЕТIМIЗДI САҚТАП ҚАЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

ТӨЛ МӘДЕНИЕТIМIЗДI САҚТАП ҚАЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

ТӨЛ МӘДЕНИЕТIМIЗДI САҚТАП ҚАЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
ашық дереккөзі
482

Кеше Мәдени саясат және өнертану институтының жанынан ашылған "Тағылым" мәдени-интеллектуалдық клубының кезектi отырысы өттi. Отырысқа Ресей мәдениет институтының директоры Кирилл Разлогов арнайы шақыртылды. Пiкiрсайысты Мәдени саясат және өнертану институтының директоры Ерлан Саиров жүргiздi.

Бұл жиында қаралған мәселелер тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiндегi мәдени стратегиялардың төңiрегiнде болды. Жиналған қауым жаһандану үдерiсiндегi мәдениеттiң алуантүрлiлiгi мәселесiн қарастырды. Әлем елдерi өздерiнiң төл мәдениетi мен дәстүрiн сақтап қалуда түрлi шаралар қолдануда. Осы орайда қоғам қайраткерлерi мен мәдениет жанашырлары өз пiкiрiн бiлдiрiп жатты. Кирилл Разлогов қазiргi таңда ұлттық мәдениеттерден өзге интернеттiк мәдениеттiң қалыптасқанын айта келiп: "Қазiр Ресей бiрыңғай ұлттық идеяны қалыптастыруды қолға алып отыр", – дедi.

Мәдениеттiң алуантүрлiлiгi қазiр транс, мульти және интер мәдениеттiң қалыптасуына алып келдi. Ашып айтар болсақ, өзге елдiң мәдениетiн жатсынбайтын қоғам дамып келедi. "Мен өз ұлтымның мәдениетiн қастерлеймiн. Оны сақтап қалуда бар күшiмiздi салып келемiз", – дедi Нұрлан Ерiмбетов.

Айбике ЖАНАЕВА

Серіктес жаңалықтары