БIРЫҢҒАЙ ҚҰЖАТТЫ ДАЙЫНДАЙТЫН ТОП БЕЛГIЛI БОЛДЫ
БIРЫҢҒАЙ ҚҰЖАТТЫ ДАЙЫНДАЙТЫН ТОП БЕЛГIЛI БОЛДЫ
Таяуда Астана қаласында қоғам қайраткерлерi мен сарапшы-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық саясат тұжырымдамасының авторлары алға қойылған мақсатты сәттi орындауға кiрiсiп кеттi.
Жұмыс тобының мүшелерi Ел бiрлiгi доктринасы мен Ұлттық саяси тұжырымдама жобаларын және Қазақстанның 2020 жылға дейiнгi даму стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшiн бiрыңғай құжатты әзiрлеудi қолға алды. Бұл шара барысында қатысушылар жекелеген азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстарын назардан тыс қалдырмайды. Себебi осы мәселеге қатысты халық тарапынан көптеген ұсыныс-пiкiрлер айтылуда. Бұл маңызды шараға қоғам қайраткерi, философия ғылымдарының докторы Амангелдi Айталы, Қазақстан кәрiстерi ассоциациясының вице-президентi, тарих ғылымдарының докторы Георгий Кан, "Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы Дос Көшiм, Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының жетекшiсi Айдос Сарым және де басқа қоғам қайраткерлерi қатысады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов және басқа да сарапшылар мен ғалымдар қызу пiкiрталасқа кезек бердi.
Ақниет ОСПАНБАЙ