«МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБI ЖАСАЛДЫ

«МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБI ЖАСАЛДЫ

«МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБI ЖАСАЛДЫ
ашық дереккөзі
195

Сәрсенбiде 2009-2011 жылдарға арналған "Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөнiндегi қоғамдық кеңестiң кезектi отырысы өттi.

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кiтапханада ұйымдастырылған кеште нақты екi мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, 2009 жылы "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және қоғамдағы ұлттық, тарихи-мәдени мұраны насихаттау үрдiсi кеңiнен талқыланды. Кеңес отырысында ҚР Президентi әкiмшiлiгi басшысының орынбасары М.С.Әшiмбаев төрағалық еттi.

Сондай-ақ, аталмыш шарада Мәдениет және ақпарат министрi М.Құл-Мұхаммед жылдың қорытындысын жасап, баяндама оқыды. Ұлттық мұраны жоғары және орта мектептердiң оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгiзу керектiгi баса аталып өттi. Сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 2009 жылы жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерiне сәйкес пiкiр айтылып, 2010 жылғы кезек күттiрмейтiн мәселелер күн тәртiбiне қойылды.

"Мәдени мұра" бағдарламасының жылдық қорытындысынан кейiн кiтапханада көрме ұйымдастырылды.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары