ӨМIРДIҢ НӘЗIК ИIРIМДЕРI
ӨМIРДIҢ НӘЗIК ИIРIМДЕРI
Газетiмiздiң тұрақты авторы, ақын Өскенбай Құлатайұлының "Бiр әңгiмем бiр дiллә" атты шығармалар жинағы жарық көрдi. Бүгiнгi күнге дейiн баспасөз беттерiнде жарияланған әңгiмелерi мен мақалалары, сапарнамалары мен сұхбаттары бiр арнаға тоғысып, оқырман қауымға жол тартып отыр. Жастайынан қалам ұстауға бейiм боп өскен Өскенбай Құлатайұлының қаламынан туған түрлi шығармасында ежелгi қазақ билерiндей аз сөзге көп мағына сыйғызатындығы, ойын астарлап, терең тұспалмен жеткiзетiн шеберлiгi ерiксiз тәнтi етедi. Өскенбай Құлатайұлының ескiден жеткен мысалдарды қысқа, деректi түрде беруi де тапқырлық. Өмiрден түйгенi мол, өз басынан сан түрлi тәлiмдi хикаяларды көп кешкен автордың жиған-тергенi терең философиялық түйiн жасауға шақырады.
Өмiрiн өлеңмен өрнектеген ақынның шығармашылығын айшықтаған шығармалар жинағы оқырманның да кең сарайын аша түсетiнi сөзсiз.
Д.ДҮРМӘН