ИРАН ҚОЛӨНЕРIНIҢ КӨРМЕСI АШЫЛДЫ

ИРАН ҚОЛӨНЕРIНIҢ КӨРМЕСI АШЫЛДЫ

ИРАН ҚОЛӨНЕРIНIҢ КӨРМЕСI АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
285

Өткен сейсенбiде Иран Ислам Республикасы елшiлiгi мен ҚР Ұлттық кiтап палатасының ұйымдастыруымен "Гулянда" кiтап дүкенiнде көрме өттi.

"16-сы мен 23-ақпан аралығында өтетiн көрменiң негiзгi мақсаты – иран философтары мен суретшiлерiнiң еңбектерiн паш ету, халыққа таныту" – дейдi ұйымдастырушылар. Иран елiнiң Ұлттық күнi мерекесiмен ұштастырылған көрмеге иран баспаханаларының өнiмдерi, халықаралық дәрежедегi суретшiлердiң туындылары қойылды. Сондай-ақ, ежелгi қолөнер бұйымдары мен иран халқының ұлттық мәдениетiмен тығыз байланысты дүниелер көрме көркiн аша түстi. Әсiресе, Иран тарихы, мәдениетi, халқы мен жерi туралы альбом-естелiктер көздiң жауын алады. Ежелден кiтап басу өнерiнде Қосөзен елдерi алдына жан салмаған.

Елшiлiктегi иран мәдени орталығы 1993 жылдан жұмыс iстеп келедi. "Кiтап көрмелерi бұдан бұрын да бiрнеше рет өткiзiлген. Бiз кiтап палатасымен келiсе отырып, Ираннан кiтаптарды арнайы алдырттық" – дейдi Иран елшiлiгiнiң мәдени кеңесшiсi Д.Мохаммадпур.

А. БЕЙIМБЕТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары