"АҚ ЖЕЛКЕН" ЖАҢА СИПАТТА ШЫҒА БАСТАДЫ

"АҚ ЖЕЛКЕН" ЖАҢА СИПАТТА ШЫҒА БАСТАДЫ

"АҚ ЖЕЛКЕН" ЖАҢА СИПАТТА ШЫҒА БАСТАДЫ
ашық дереккөзі
335

"Ақ желкен" журналының бұл саны жаңаша шықты. Журнал тiлшiлерi ескi жылда елдi елеңдеткен есiмдердi тiзiп, олар туралы ел аузында жүрген, ресми, бейресми ақпараттардың анық-қанығын айғақтап бердi.

Мәселен, "Келiн" фильмiнiң режиссерi Ермек Тұрсынов жайлы "Келiнше мұрын шүйiру", "Көшпендiлер" фильмiнiң режиссерларының бiрi Талғат Теменов жайлы "Кешiккен жаңа жыл" атты мақалалары оқырманды бей-жай қалдырмайды. Сидней Олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Саттарханов жайлы "Отызға келер едi ер Бекзат" атты Жадыра Нармаханованың Бекзаттың анасы Сырлыкүл Шойбековамен болған сұхбаты да қызықты оқылады. Бауыржан Момышұлы жайлы жазушы Мамытбек Қалдыбайдың бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған "Баукеңнiң соңғы сөзi" атты естелiгi де ойлы оқырманның танымын кеңейте түсерi анық.

"Интеллектуалды ұлт, ол қандай болуы керек?". Еуразия нарық институты жанындағы қаржы-экономика колледжi салық iсi факультетiнiң бiр топ студенттерi Елбасының "Интеллектуалды ұлт — 2020" жобасына орай үн қатады. Сондай-ақ, қазақ эстрадасының тыңдармандарының тiлегiне орай жарияланған әншi Мұқасан Шахзадаевпен болған сұхбат пен "Қайрат Нұртас Нұржасардың әнiне "жиендiк" жасап жүр ме?" атты мақала да өнерсүйер қауым үшiн қызықты оқылатын дүние.

Г.ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары