"ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШIН СЕРIКТЕСТIК"

"ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШIН СЕРIКТЕСТIК"

"ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШIН СЕРIКТЕСТIК"
ашық дереккөзі
306

Дүйсенбi күнi Chevron компаниясының Алматы қаласында өткiзген "Ұлт денсаулығы үшiн серiктестiк" атты қайырымдылық шарасында Алматы қаласы мен республиканың 15 медициналық мекемесiне құрал-жабдықтар тапсырылды. Алматы қалалық Денсаулық сақтау департаментiмен бiрлесiп ұйымдастырылған бұл шараның салтанатты кешiне "Дара" қайырымдылық қоры мен "Таңсәрi" балалар мюзик-шоу театры да атсалысты.

"Chevron компаниясы медицина қызметкерлерiне ерен еңбектерi үшiн алғыс айтады және бiздiң сыйға тартқан құрал-жабдықтарымыз сiздердiң пациенттерiңiздi емдеуге көмегiн тигiзедi деп үмiттенемiз" деген Chevron компаниясының Қазақстандағы өкiлдiгiнiң басшысы Замира Қанапиянова ақ халаттылар қауымына ризашылығын бiлдiрдi.

Қайырымдылық шарасы тiзiмiне iлiккен Алматы қаласындағы 4 республикалық және 11 балалар медициналық мекемелерi арасындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар бөлiмiне төсектiң жоғары жағына орналасатын 10 консоль жиынтығы, операциядан кейiнгi палаталарға арналған оттегiнi реттегiштер мен оттегiнi ылғалдағыштар; Педиартия және балалар хирургиясының Республикалық Ғылыми Орталығына шағын наркоз аппараты "Ақсай" Республикалық балалар ауруханасына магниттiк терапия, электрлi терапия, ультрадыбысты және лазерлi терапия аппараты, № 2, 4 және 5 перзентханаларға, қалалық перинатальды орталығы мен №1 қалалық клиникалық ауруханаға отоакустикалық эмиссияны тiркеу шағын құралдары (жиынтығы); №2 Балалар шипажайына психологиялық және физикалық дамуы нашар балаларға арналған қалпына келтiру құралдары; Паллиативтi медицина орталығы (балалар онкологиясы) 2 көп функциялы төсектерге және жас пациенттердiң ахуалын жеңiлдетуге арналған басқа да құрал-жабдықтар; тыныс демiкпесiне шалдыққан балаларға арналған №3 балалар ауруханасы; №1 Балалар клиникалық ауруханасы; Балалар клиникалық инфекциялық ауруханасы; №2 Балалар клиникалық ауруханасына заманауи медициналық құрал-жабдықтар табыс етiлдi.

Қазақстанның экономикалық өсiп-өркендеуiне, адамдарды оқытуға, адам потенциалын дамытуға, нарықтық бiлiмдер мен дағдыларды сiңiруге, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдауға септiгiн тигiзетiн бастамалар мен бағдарламаларды дамытуға үлесiн қосып келе жатқанына 15 жылдың жүзi болған Chevron компаниясы жергiлiктi және орталық атқарушы билiк өкiлдерiмен, халықаралық және мемлекеттiк емес ұйымдармен тiзе қоса отырып, әрекет етедi. Сонымен қатар компания Алматы, Астана, Атырау қалаларындағы медициналық, бiлiм беру және арнайы мекемелерге көмек көрсетiп келедi.

Chevron компаниясының қоғаммен байланыс құру үйлестiрушiсi Гүлжан Смағұлованың айтуынша, Қазақстан тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары, яғни, 90-жылдардың ортасында әлеуметтiк ахуалы төмен отбасыларға азық-түлiк себетiн таратып, халықтың мұқтажын бiрге көтеруге тырысқан Chevron ел еңсесiн тiктеп, отандық экономика жақсарған бүгiнгi таңда iрi жобаларды қолға алған. Мысалы, биыл "Ұлт денсаулығы үшiн серiктестiк" ұйымдастырылса, былтыр "Астана үшiн 10 игiлiктi iс" деген шара iске асырылған.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары