ДҮНИЕЖҮЗIЛIК САЙЛАУ КҮНI НАСИХАТТАЛАДЫ

ДҮНИЕЖҮЗIЛIК САЙЛАУ КҮНI НАСИХАТТАЛАДЫ

ДҮНИЕЖҮЗIЛIК САЙЛАУ КҮНI НАСИХАТТАЛАДЫ
ашық дереккөзі
498

Бүгiн Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" Жастар қанатының қолдау көрсетуiмен Дүниежүзiлiк сайлау күнi қарсаңында ҚР сайлау жүйесi мен құқықтарын насихаттау жұмыстарын бастады.

Екi күнге созылатын iс-шара аясында мәслихат депутаттары, сайлау комиссия мүшелерi мен мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерiмен бейресми кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған жас азаматтарына жеке куәлiктер табыс етiледi және жас сайлаушылардың заңнамалық бiлiмiн тексеру мақсатында оқушылар арасында тест өткiзiлетiн болады. Халықаралық қауымдастық Еуропа сайлау ұйымдастырушы ассоциациямен бiрлесе отырып жыл сайын 6-ақпанда Дүниежүзiлiк сайлау күнiн атап өтедi. Осы рәсiмге орай өткiзiлетiн iс-шараларда көзделген мақсат – демократияландыру үрдiсiнiң оңтайлы жүрiп жатқандығын халықтың бiле отырып, олардың демократиялық құндылықтарын қалыптастыруына қол жеткiзу. Сондай-ақ, Конституция заңдары мен талаптарын әрбiр жастың санасына сiңiрiп қана қоймай, оны iс-жүзiнде, яғни сайлауда дауыс беру еркiндiктерiн тиiмдi пайдалана алуы қажет.
А.ЖАНАЕВА

Серіктес жаңалықтары