ҚОҢЫРАУ ЕДI ОЛ ДОҒАҒА IЛГЕН

ҚОҢЫРАУ ЕДI ОЛ ДОҒАҒА IЛГЕН

ҚОҢЫРАУ ЕДI ОЛ ДОҒАҒА IЛГЕН
ашық дереккөзі
160

Өтепберген Ақыпбекұлы – қазақ хал¬қының маңдайына сыймай кеткен дарабоздардың бiрi едi. Оның жырларында Махамбет¬тiң алмас қылышындай қиып түсе¬тiн өткiр жыр жолдары молынан кездеседi. Бұл ақын жырларына тән құ¬былыс. Төрт бөлiмге бөлiнген кi¬таптың алғашқы бөлiмiндегi:

“…Сұрқия заман — сайқалдай кердең,

Тайсалған неден тарпаңдай өлең…

Сен — өзiң жайлы айта алдың, аға,

Мен — өзiм жайлы айта аймай келем…"

деген арман-өкiнiш жол¬дары-ақ өмiрден ерте оз¬ған аяулы ақынның сезi¬мiнен сыр бергендей.

Жаңа жыр жинағында көне тарих¬тан бастап заманына қа¬рай қазақтың қас батыр¬лары, айбынды хандары мен ұлы ақындары, жел маядай желген жырау¬лары мен ағартушылары, академиктерi өз ретiмен орын алған. Олардың мiнез-құлқы ақынның тасты жарар алғыр тiлiмен баяндалып, сыйқырлы өлең жолдарынан-ақ ұлы тұлғалардың мiнездерi сомдалып шыққан екен. Бұл – ақынның шеберлiгi емес пе!

Ақының өлеңдерiнде "Япырм-ау, ме не iстедiм, не бердiм? Артымдағы ұрпаққа титтей болса да көмегiм тидi ме екен?" деген асыл ой әрдайым қылаң бередi. Бұл кiтапты үнсiз оқу мүмкiн емес. Тарихтан тағлым аласың. Тiлi – жеңiл, бейнелi, өрнектi.

Әр жыр жолдары: "Ей, қазақ! Сен Тәңiрге табынған Көкбөрiнiң ұрпағысың, осыны әсте есiңнен шығарма!" деп тұрғандай.

Ия, бiздiң нар тұлғалы ақындарымыз қариялыққа жетпей-ақ өмiрден озып жатыр. Бiрақ та артында қалған ұрпағына таусылмайтын қазына, бiтпейтiн байлық ұсынған аяулы ағаны сағына еске алып, iштей өкiнесiң. Бұл менiң ғана емес, Ө.Ақыпбекұлының шығармаларын сүйiп оқитын күллi оқырманның өкiнiшi мен арманы.

Әйгерiм ҚҰМАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары