ҚАЗАҚ ТIЛI МҰҒАЛIМДЕРI ҚАУЫМДАСТЫҚҚА БIРIКТI

ҚАЗАҚ ТIЛI МҰҒАЛIМДЕРI ҚАУЫМДАСТЫҚҚА БIРIКТI

ҚАЗАҚ ТIЛI МҰҒАЛIМДЕРI ҚАУЫМДАСТЫҚҚА БIРIКТI
ашық дереккөзі
228

19-қаңтарда Астанадағы Президенттiк Мәдениет орталығында Қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерiнiң қауымдастығы (ҚТӘМ) құрылды. Алғашқы басқосумен қатар "Қазақ тiлiн оқытудың инновациялық технологиялары" тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Жаңа қоғамдық құрылым Мемлекеттiк тiлдi дамыту Президенттiк қорының бастамасымен құрылып отыр. Оның Қамқорлық кеңесiнiң мүшелiгiне ҚР Парламентiнiң депутаттары, қоғам қайраткерлерi, Президенттiк қор мен Астана қалалық бiлiм басқармасының өкiлдерi ендi. Атап айтсақ, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Нұртай Сабильянов, қоғам қайраткерi Амангелдi Айталы және бiлiм басқармасының басшылары қатысты.

Мемлекеттiк тiлдi дамыту Президенттiк қоры директорының орынбасары Серiк Ерғалидiң атап көрсеткенiндей, қазақ тiлi тек мiндеттi пән ретiнде ғана оқытылып келдi. Ендеше қоғамның ана тiлiмiзде сөйлейтiн кезi жеттi. Ал оны коммуникативтi құрал ретiнде дамыту үшiн бұл салаға мұғалiмдердi даярлау аздық етедi. Сол себептi қауымдастыққа мұғалiмдер, оқушылар және ата-аналар шақырылып отыр.

Бiр қызығы, Қазақстанда орыс тiлдi және ағылшын тiлдi мұғалiмдердiң Қауымдастықтары бiршама уақыт бұрын құрылып қойған. Мiне, дәл осылайша қандай жүктi болса да жұмыла көтерiп келген, яғни қордаланған проблемаларын бiрлесе шешiп, құзырлы органдардың айтарлықтай қолдауына ие болып отыр. Ал нақты қазақ тiлiне келер болсақ, мемлекет тарапынан заң қабылданғанымен, тiл үйрету әр мұғалiмнiң жеке проблемасы секiлдi қала берген. Қауымдастықтың негiзгi мақсаты — қазақ тiлiнiң қолданылу аясын кеңейту.

Осы мәселеге орай "Тiлдiк ортаны кеңейту мәселесiн бiрiгiп қолға алуымыз керек. Сол себептi тiлдi үйретудегi стратегиялық бағытымызды өзгертуiмiз керек", — дейдi С.Ерғали.

А.Жанаева

Астана

Серіктес жаңалықтары