“ЖАСТАР – ОТАНҒА!” ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ

“ЖАСТАР – ОТАНҒА!” ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ

“ЖАСТАР – ОТАНҒА!” ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ
ашық дереккөзі
239

"Отаным – Жүрегiмде" атты Республикалық бейнеклиптер байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Ақпарат және мұрағат комитетi мен Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi, Алматы қалалық әкiмдiгi Мәдениет басқармасы, Алмалы ауданы әкiмдiгiнiң қолдауымен, "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" Жастар қанаты атқарушы хатшылығы жанындағы "Заңғар" шығармашылық бiрлестiгi, ОҚО Мәдениет басқармасы кинобейне орталығының ұйымдастыруымен патриоттық тақырыпта түсiрiлген Отан, туған жер, салт-дәстүр туралы бейнеклиптер арқылы көрермендердiң патриоттық сезiмiн ояту мақсатында 2009 жылдың 1-желтоқсанынан бастап бейнеклиптерге Республикалық байқау жариялайды.

ЕРЕЖЕСI

Байқаудың мақсаты:

"Ұйықтап жатқан жүректi ән оятар, әннiң терең мазмұнын мәнi оятар" деп Абай Құнанбаев жырға қосқандай, өсiп келе жатқан жас жеткiншектерге патриоттық тәрбие берiп, отансүйгiштiк сезiмдерге баулитын бейнеклиптер жоқтың қасы. Өз мәдениетiмiз бен тарихымызды, туған елiмiздi, жерiмiздi, Отанымызды насихаттайтын клиптердi дамыту. Жастарға саналы тәрбие берiп, әдептiлiкке үйрететiн бейнеклиптер санын көбейту.

Байқаудың мiндетi:

Елiмiзге патриоттық тақырыпта түсiрiлген бейнеклиптер арқылы әрбiр Қазақстан азаматының туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн арттыру және туған жерiмiз туралы тағылымы мол мәлiметтер беру;

— көрермендердiң отансүйгiштiк сезiмдерiн ояту;

— тәрбиелiк мәнi бар бейнеклиптердi жаңғырту;

Байқаудың шарттары мен талаптары:

— Бейнеклиптердiң түсiрiлу сапасы жоғары болуы тиiс;

— Бейнеклип мемлекеттiк тiлде (қазақша) және ұлтаралық қарым-қатынас тiлiнде (орысша) қабылданады;

— Өзге республикаларда түсiрiлген бейнеклиптер қабылданбайды;

— Байқауға бұрын қатысқан бейнебаяндар қабылданбайды;

— Бейнеклиптер DVD+R немесе CD-R форматты дискте жазылуы тиiс.

— Байқауға қатысатын бейнеклиптер патриоттық тақырыпта болуы шарт;

— Байқауға қатысушы үмiткерлердiң жасына шек қойылмайды және жұмыстары алдын-ала жiберiлуi тиiс;

— Алдын-ала патриоттық тақырыпта түсiрiлген жұмыстар кәсiби мамандардан құрылған қазылар алқасының сараптауынан соң байқауға шақырылатын болады.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау:

Байқауға қатысқан жұмыстарды кәсiби бiлiктi мамандардан құрылған қазылар алқасы сараптауға салады.

Қазылар алқасы белгiленген жүлделi орындарды бермеуге немесе үмiткерлер арасында бөлуге құқылы.

Байқауға қатысушы үмiткерлердiң жұмыстарын бағалауда

— Жоғары сапалы түсiрiлiмiне;

— Патриоттық тақырыпта түсiрiлген жұмыстарына;

— Шығарманың мәнiмен оның жоғары деңгейде орындалу шеберлiгiне және сапасына баса назар аударылады.

Тақырыптық бағыты:

Түсiрiлген бейнеклиптердiң тақырыптық бағыты мынадай болуы тиiс:

I. "Отан — отбасынан басталады" номинациясы бойынша салт-дәстүр, тәрбие, өнеге-өсиетке негiзделген бейнеклиптер.

II. "Отанды қорғау" номинациясы бойынша әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы бейнеклиптер.

III. "Отаным — алтын бесiгiм" номинациясы бойынша туған жер, Отан, ауыл, қала т.б. өз елiне деген сүйiспеншiлiктен туған бейнеклиптер.

IV. "Отан — әуесқой оператордың көзiмен" номинациясы бойынша бейнеклип түсiруге әуес азаматтардың жоғарыдағы үш номинация бойынша түсiрген бейнеклиптерi.

V. "Отанға махаббат" номинациясы бойынша композиторлардың туған жер, Отан, қала, ауылға деген ықыласынан туған музыкалық туындылар.

Жүлделер:

I-орын: Республикалық телеарнадан бейнеклип 1 ай;

II-орын: Республикалық телеарнадан бейнеклип 20 күн;

III-орын: Республикалық телеарнадан бейнеклип 10 күн бойы тегiн жарнамаланады.

Өтiнiштердi қабылдауға қажеттi құжаттар:

— Байқауға қатысушының өмiрбаяны (Мекен-жайы, телефоны).

— Шығармашылық мiнездемесi.

Бейнеклиптер 2010 жылдың наурыз айының 1-не дейiн төмендегi мекен -жайға жiберiлуi тиiс:

Байқауға қатысты анықтамалар мен мәлiметтердi мына мекен-жай арқылы бiлуге болады.

Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесi 25, индекс 160021

Телефон/факс: 8 /72 52/ 21-27-06

Байқаудың қорытындысы үстiмiздегi жылдың наурыз айында жарияланатын болады.

Серіктес жаңалықтары