БОЛМЫСЫ БЕРЕН БАУЫРЖАН

БОЛМЫСЫ БЕРЕН БАУЫРЖАН

БОЛМЫСЫ БЕРЕН БАУЫРЖАН
ашық дереккөзі
254

24-желтоқсанда №131 мектеп-лицейде Бауыржан Момышұлының туған күнiне орайластырылған "Қазақтың қарапайым бiр ұлымын, Жанымды арым үшiн құрбан еткен" атты Бауыржан оқулары өттi. Сондай-ақ, аталмыш конференция бағдарлама Баукеңнiң ерен ерлiгiн еске алуға арналды.

Бағдарлама барысында Бауыржан Момышұлының көзiн көрген қайраткерлер баяндама оқып, мектеп оқушыларының өнерiмен жалғасты. Батырдың қайталанбас шығармашылығын кейiнгi ұрпақтың бiлуi шарт. Ал батыр есiмiмен аталатын мектепте бұл мәселе шешiмiн тапқан көрiнедi. Тiлдердi дамыту басқармасының бастығы К.Матыжанов бұл конференцияның жас ұрпақ үшiн өнегелi iс екендiгiн атап өттi.

Сондай-ақ кеш конағы Медеу аудандық ҰОС ардагерлерiнiң төрағасы К.Серiкбаев "Бауыржан Момышұлы – қаһарман жазушы" атты баяндамасында Баукеңнiң асыл қасиеттерi мен соғыс жылдарындағы және кейiнгi кездердегi ерлiктерiн еске алды. «316- Панфилов двизиясы, соның iшiнде батальон басқарған Бауыржан Момышұлы дүниежүзiне қазақтың кiм екенiн танытқан болатын. Мен үшiн бас қолбасшы қашан да — Бауыржан Момышұлы!» — деп атап өттi.

А.ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары