ҚАЙСАР ЖАНАХАНОВ — "НҰР-МЕДИАНЫҢ" БАС ДИРЕКТОРЫ

ҚАЙСАР ЖАНАХАНОВ — "НҰР-МЕДИАНЫҢ" БАС ДИРЕКТОРЫ

ҚАЙСАР ЖАНАХАНОВ — "НҰР-МЕДИАНЫҢ" БАС ДИРЕКТОРЫ
ашық дереккөзі
467

Құрылғанына бiр жыл толған "Нұр-Медиа" медиахолдингiнiң бас директоры ауысты. Республикаға белгiлi бiрқатар ақпарат құралдарының басын бiрiктiрген холдингтiң басшылығына Қайсар Жанаханов тағайындалды. Холдингтiң бұрынғы директоры Арманжан Байтасов сиыр жылының соңғы күндерiнiң бiрiнде қызметiнен өз өтiнiшiмен босатылған едi. Дегенмен, "Нұр-Отан" ХДП төрағасының бiрiншi орынбасары Нұрлан Нығматулиннiң айтуынша, Арманжан Байтасов холдингте қадағалау кеңесiнiң мүшесi болып қызмет етпек.

37 жастағы Қайсар Жанаханов бұған дейiн Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде жауапты қызметтер атқарып, "Арна-Медиа" холдингi басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. "Нұр-Медиа" холдингiне кiретiн ақпарат құралдары басшылықтағы ауыс-түйiстi көптеген жаңа шығармашылық жобалардың жүзеге асуымен байланыстырады.

Серіктес жаңалықтары