ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕШI ӨТТI

ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕШI ӨТТI

ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕШI ӨТТI
ашық дереккөзі
468

Биыл 80-ге толып отырған Бибiгүл Төлегенова өзiнiң Сыр өңiрiнен басталған мерейтойлық концертiн Алматыда жалғастырды. Бибiгүл апамыздың даусын сағынған жұртшылық Абай атындағы опера және балет театрының залына сыймай кеттi.

Көрермен қауымның есiнде болса, қазақ бұлбұлының күмiс даусына Елорда халқы ықыласпен тыңдаған едi. «Қазақтың бұлбұлы» атанған өнер саңлағының кешiнде әншiнiң өнердегi шәкiрттерi Маржан Төреханова, Толқын Забированың және басқалары да ән шырқады. Концерттiк бағдарламада Б.Төлегенова классикалық опера, вокалдық шығармалар және қазақтың халық әндерiнен 30-ға жуық шығармалары енген. Атап айтар болсақ, Дж.Пуччинидiң «Джанни Скикки» операсын, Ғ.Жұбанованың «Еңлiк-Кебек» операсынан «Еңлiк» ариясын және, «Аққу едiм көлдегi», «Гауһартас», «Баянжан», «Қош, аман бол», «Шiркiн-ай» сынды қазақ әндерiн әдемi орындады. Сонымен қатар көрермен қалауымен бiрнеше халық әндерiн нақышына келтiре орындады.

Б. Төлегенова – қазақтың опера өнерiне де елеулi үлес қосқан жезтаңдай әншi. Қазақ кино өнерiнде де көркем келбетi талай көрермен жадында сақталып қалды. Әншi апамыз гастрольдiк сапармен Польша, Чехославакия, Үндiстан, Алжир, Мысыр, Сирия, Вьетнам, АҚШ сияқты елдердiң сахналарын бағындарған.

А. ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары