ЖУСАН ИIСI ЖӘНЕ ЖАҢА РОМАН

ЖУСАН ИIСI ЖӘНЕ ЖАҢА РОМАН

ЖУСАН ИIСI ЖӘНЕ ЖАҢА РОМАН
ашық дереккөзі
275

Қатыгез дұшпанның қолына тұтқын боп түсiп, тар замандағы қиындықтар мен тағдырдың барша ауыртпалығын асқақ рухы, өжет ерлiгiмен жеңе бiлген және ондаған жылдар бойы қиян түкпiрдегi беймәлiм Мысыр елiн әдiлдiкпен билеген даланың дана өренi, жаужүрек Бейбарыс сұлтан бабамыздың есiмi кеңестiк қатал идеологияның кесiрiнен ұзақ уақыт бойы ауызға алынбай келген-тұғын. Шын асыл ешқашанда қын түбiнде жатпайтыны ақиқат.

Бейбарыс сұлтанның даңқты есiмi бүгiнде ұлтымыздың зор мақтанышына айналғанына тәубе деймiз. Киелi даланың боз жусанының иiсiн өмiр бойы аңсап, туған өлкесiн жан-жүрегiмен сағынып өткен жеңiмпаз бабамыздың күрделi бейнесi қазақ әдебиетiнде әлi күнге толыққанды сомдала қоймағаны көңiлге кiрбiң ұялатады. Ал адамзат тарихында өшпес iз қалдырған ұлы тұлғаларымызды асқақтату арқылы ұлттық рухымыз биiктей түсетiнiне күмән жоқ. Мұсылман әлемiн бейуақта ауыр апаттан аман сақтап қалған заманда абыройын асқақтатқан Бейбарыс сұлтан бүкiләлемдiк тарихта өшпес iз қалдырған бiрегей тұлға.

Сейсенбi күнi Ұлттық академиялық кiтапхана үйiнде өткен белгiлi кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың «Мамлюк» романының тұсаукесерi арыстан бабамыздың мәңгi өлмес рухын жаңа биiкке көтерген айтулы салтанатқа айналды.

Қаламгер Ермек Тұрсыновтың ұзақ жылдар бойы талмай тер төгiп жазған «Мамлюк» романы орыс тiлiнде жарық көргенiмен, ол осыған дейiн-ақ Сирияда кiтап болып шығып, оқырмандардың зор қызығушылығын туғызғаны мәлiм. Кiтаптың қазақ және ағылшын тiлiндегi нұсқалары да дайын.

«Мамлюк» романын талқылауға Қазақстан Президентi әкiмшiлiгi басшының орынбасары Мәулен Әшiмбаев мырза, көрнектi ғылым және мәдениет қайраткерлерi, мемлекеттiк, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кеңiнен қатысты.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары