КӘСIПКЕР ӨЗ ҚАРЖЫСЫНА МЕКТЕП АШТЫ

КӘСIПКЕР ӨЗ ҚАРЖЫСЫНА МЕКТЕП АШТЫ

КӘСIПКЕР ӨЗ ҚАРЖЫСЫНА МЕКТЕП АШТЫ
ашық дереккөзі
285

Алматы қаласының Әуезов ауданында тағы бiр мектеп пайдалануға берiлдi. Бұл мектеп жұрт ойлағандай «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттiк бағдарламасы аясында ашылған жоқ. Мұны бәсекеге қабiлеттi, дарынды, бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеудi мақсаты санаған жеке кәсiпкер өз қаражатына салғызыпты. Келешек жастарды озық технологиялық бiлiмге баулитын жекеменшiк бiлiм ұясының тұсаукесерiн Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов, әкiмнiң орынбасары Серiк Сейдуманов, Бiлiм департаментiнiң бастығы Рахат Шимашевалар кесiп, құттықтау сөз сөйлеп ашып, жаңа гимназияның сыныптарын аралап көрдi. «Абылай Т» деп аталатын гимназиялық мектеп негiзiнен 250 орынға арналған. Қазiргi кезде осы жекеменшiк бiлiм ұясына баласын беруге өтiнiш бiлдiрiп жатқан ата-ана саны көп. «Абылай Т» гимназиясының директоры Талмаш Ибрагимованiң «Бiзде мектепке дейiнгi дайындық топтары, мектептен кейiнгi дайындық топтары бар. Әр сыныпта 12-16 баладан оқиды. Балаларға барлық жағдай жасалған. Мұғалiмдердiң бәрi жоғары санаттағы мұғалiмдер. Ал, сыныптар соңғы технологиялық құрал-жабдықтармен, интерактивтi тақталармен жабдықталған. Және арнайы компьютерлiк сыныптар мен денешынықтырумен шұғылданатын спортзал да бар», дейдi. Негiзiнен гимназияда физика, математика пәнiн тереңдетiп оқиды. Бiр баланың оқу құны әзiрше 60 мың теңгенiң көлемiнде. Бұған оқуы, үш мезгiл тамағы, тасымалдау кiредi. Ал би, шахмат, спорт түрлерiне қызығатын оқушылар үшiн арнайы үйiрмелер де жұмыс iстейдi. Оның құны оқу ақысынан бөлек. Естерiңiзге сала кетсек, бүгiнде Алматы қаласында 48 қазақ, 79 орыс, 3 ұйғыр, 51 аралас, 41 жекеменшiк мектеп жұмыс iстеп тұр.

Д.МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары