МЕН — ҚАЗАҚПЫН

МЕН — ҚАЗАҚПЫН

МЕН — ҚАЗАҚПЫН
ашық дереккөзі
727

Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимiн бесiкте уiлдеген

Дәуiрлермен құрдаспын, данамын мен

Ұлы аманат етейiк еркiндiктi,

Ел құлдықты бiлмесiн, жер күңдiктi,

Аңсаймын мен, сенемiн, туады ертең.

«Қазақ болу — зор бақыт» – дер күн тiптi…

Шалқы, қазақ, шалқитын заман келдi,

Текке қанын төккен жоқ Амангелдi.

Кең далаңда керiлiп, атыңды атап,

Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келдi…

…Қарсыласпай өлмедiм, қан татырдым,

Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.

Сансыз басты диюдай сан тiрiлiп,

«Мен — қазақпын» дегендi айта тұрдым,

Республика! Ерiктi ел — Қазақстан,

Келдi ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келдi алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бiр мәз арыстан.

Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ

Серіктес жаңалықтары